Астана 20-жылЖаңалықтарҚоғам

ӘНІМ СЕНСІҢ, ЕЛОРДА

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай Чапай Мәдениет үйінде «Ел жүрегі – Астана» атты ән кеші өтті. Концертте туған ел, Отанды сүю тақырыбында жазылған әндер көпшілікке ұсынылды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық мәдениет бөлімінің қолдауымен өткен ән кеші патриоттық нотада басталды.
Әділқазылар алқасы құрамында аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ұ. Жұмаділова, аудандық кітапхана директоры М. Жәбиева, аудандық Мәдениет үйінің басшысы А. Кенжекулова өз дәл бағаларын берді.
«Негізгі мақсат – бұл патриоттық сезімді халық арасында тарату. Ол біздің Қазақстан отанымызды сүю үшін, елімізді сыйлау үшін, ауыл жастары арасында ауылына деген ыстық ықыласты ояту, болашақта мәңгілік ел болу үшін арналып отыр», – деді А. Кенжекулова, аудандық Мәдениет үйінің басшысы.
Патриоттық ән кешінде барлық үміткерлерге арнайы орын бермегенімен арнайы өнерімен елдің дамуына үлестері үшін алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
«Нұр Отан» партиясы атынан шақырту алып, концертті тамашалаған, әрі баласының ем-домына қолдау көрсетілетінін естіп қуанған көрермендер де ризашылық білдірді. Ауданымыздағы мәдениет саласында жүрген қызметкерлердің игі істері үшін алғыс білдіреміз. Олар осылай ауылдық жерлердегі өнердің дамуына өз үлестерін қосып жатыр деген пікірлер білдірді.
Осылай тағы да достыққа жол берген асқақ Астанамыздың мерейтойлық құрметіне арналған аудандық патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.

Өз тілшіміз

0

БІРЛЕСКЕН ЖОБА, БЕРЕКЕЛІ ІС

Алдыңғы ақпарат

БІР КІТАПТЫҢ ІЗІМЕН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *