ЖаңалықтарҚоғамМерекелерРухани жаңғыру

ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ

Апта ортасында аудандық кітапхана залында Іле ауданының «Құрметті азаматы», ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі», ҚР «Мәдениет қайраткері», Төрткен Кененқызы мен Іле ауданының «Құрметті азаматы», сазгер, ақын марқұм Әлібек Нұрғожаның туғанына 80 жылдығы кеңінен аталып өтті. Оған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә. Исаев, асылдың сынығы, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Т. Кененқызы, сазгер, ақын марқұм Әлібек Нұрғожаның жан жары Сара апамыз қатысып, өнеге берерлік ойларымен бөлісті.

Шара 3 бөлімнен тұрды. Олар «Ән-мұрам саған аманат» Іле ауданының «Құрметті азаматы», Төрткен Кененқызының туған күніне арналса, «Тұлғасы биік жарқын бейне» бөлімі жеті өнер иесі, Іле ауданының «Құрметті азаматы»,  жерлес асыл ағамыз марқұм Әлібек Нұрқожаның туғанына 80 жыл толуына орай еске алынып, тағы бірі «Ардагерлер ән қанатында» Әлібек Нұрқожа атындағы халық ансамблінің құрылғанына 20 жылдық мерейтойына арналып, тарихи суреттер тамашаланды және ансамблдің басқа облыстарда жүрген кездерінен естеліктер көрсетілді.

Кездесудегі басты мақсат халық мәдениетінің көрнекті қайраткері Төрткен Кененқызының туған күніне орай, апайдың өмір жолы жастық шағы туралы, өнер саңлағы, ақын, сазгер, суретші ел ардағы марқұм Әлібек ағайды еске ала отырып, ансамбль мүшелерінің өнері жайында әңгіме өрбітіп, әсем әндерді тамсана тыңдап, рухани байлыққа кенелту болды.

Айта кетейік, «Ел іші – өнер кеніші» – деп халқымыз айтқандай, осыдан 20 жыл бұрын құрылған Өтеген ауылындағы халықтық атағы бар «Ардагерлер» ансамблінің өнеріне ынтық көрермендер қатары жылдан-жылға артып келеді.

Марқұм Әлібек аға көптеген серенадалар, балладалар, романстар, поэмалардың авторы. Сол шығармаларымен әртүрлі республикалық, облыстық, аудандық конкурстарға қатысып, дипломант, лауреат атанып, көптеген грамоталармен марапатталып, туындылары өзіндік ерекшелігімен бағаланып отырды. Әлібек Нұрқожаұлының бүгінде 200-ге жуық әндері бар. Солардың ішінен халыққа танымал екі әнді ансамбль мүшелері тыңдармандарын қуанта орындап берді.

Қорыта келе, өнер – жаратқанның пендеге берген үлкен сыйы. Осындай қасиетті сыйға бөленген, шынайы дарын иелері, ән десе шығарда жаны бөлек, зор дауыстарымен талай тыңдарман қауымның ықыласына бөленіп жүрген аналарымызға алғысымыз шексіз. Биіктерден көріне беріңіздер!

Айжан САТЫМХАН

 

0

Қарты бар елдің қазынасы бар

Алдыңғы ақпарат

САРЫАРҚА,САРЫ МАЙЫҢНАН АЙНАЛДЫМ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *