Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамПромышленность и предпринимательство

ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӨРКЕНДЕУІН ҚАЛАЙМЫЗ

Ауданымыздың Ащыбұлақ ауылдық округі, Жапек батыр ауылында «БТК групп» ЖШС-і ұжымымен ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Закиржанов, «БТК групп» ЖШС-і директоры, облыстық мәслихат депутаты Т.Ботабеков қатысып, Жолдаудың өзектілігі, қазіргі таңдағы атқарылар міндеттерге тоқталып, жұмысшылармен өзара пікір алмасты. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының кезектi кезеңi үшiн өте маңызды. Жолдауда Президент өзiнiң сайлауалды тұғырнамасында көрсеткен бастамалар мен ұсыныстар көрiнiс тапты. Қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын жақсарту үшiн барлық салаларына қатысты ой қозғалды, яғни, сот және құқық қорғау, медицина және бiлiм, әлеуметтiк қорғау және мәдениет, кәсiпкерлiк және ауылшаруашылығы, құрылыс саласы тағы басқа да салаларда. Сонымен қатар, кездесу барысында ЖШС-дегі кірпіш шығарудың жаңа заманауи автоматы технологиясымен, қазіргі заманға сай, экологиялық таза, экономикалық жағынан тиімді, сапалы жылдам үй тұрғызу тәсілдерімен таныстырды. Кездесуде өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы

МӘДЕНИ МҰРА – «ТАҢБАЛЫ ТАС»

Алдыңғы ақпарат

ОТАНДЫ СҮЮ –ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *