Бес әлеуметтік бастамаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЗнай нашихҚоғамРухани жаңғыруТұлға

ӨНЕР ӨРМЕК ТОҚЫТАДЫ

Кәсібің нәсібің

Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Осы бағдарламалар арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артуда. Өркениет дамып, цифрлық технология күн санап қарыштаған заманда екі қолға бір күрек табу оңай емес.
Алайда, күнкөрістің көзін білетін адамға кәсіп ашып, еңбектің тәтті нанын жеу қиынға соқпасы анық. Ол үшін мемлекеттен арнайы бағдарламалар қабылданып, іс бастаған адамдарға түрлі жеңілдіктер мен көмек көрсетілуде. Осындай жақсылықтың шапағатын көріп отырған жандар да аз емес. Қазір қолына ине-жіп ұстап, іс тігетін жанға кәсіп те баршылық. Бүгінгі кейіпкеріміз – көпбалалы ана, Лалахан Абдрахманова. Ол жастайынан тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алатын. Бірнеше жыл үйінде жұмыссыз отырған ол тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, бизнесін ашуды ойластырады.
«Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін ту ғып ұстаған Лалахан аудандық «Нұр Отан» партиясына келіп, өз ойын айтқан Лалаханды ондағылар «Әлеуметтік азаматтық базис «Болашақ» бірлестігіне жібереді. Бұл бірлестіктің қолдауымен «Бизнес идеяларды қолдау орталығы жобасы аясында оқыту-семинарында білім алды. Бұл оқыту-семинарында жалпы 25 адам 6 ай бойы білім алды, семинарды білікті маман, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бизнес-тренері Г.Бағжаева өткізді. Семинарды аяқтап, қорытындысында 4 адам үздік деп танылды. Олардың үшеуі көпбалалы аналар, ал біреуі зейнеткер. Осы конкурстан жеңіп шыққан көпбалалы аналардың қатарында – Лалахан Абдрахманова да бар. 34 жастағы төрт баланың анасы Лалахан Абдрахманова мұндай жаттығуға алғаш рет қатысып отыр. Оның кәсіптік білімі жоқ. Бизнес-жаттықтырушының алғашқы міндеттерінен бастап, ол өз ісін ашуға құштар болды – кәсіпқой тігінші шеберлігі бар.
«Мені тұрмыстық проблемалар қатты шаршатқанын түсіндім. Биыл жұбайымның жағдайы төмендеді. Біз балалардың пайдасына өмір сүріп жатқанда. Мен ауданнан ақысыз жаттығулар туралы білдім, мүмкіндік алуға шешім қабылдадым. Жұбайым балалармен бірге болған кезде мен оқимын. Сертификат алғаннан кейін мен өз бизнес-жоспарымды әзірлеймін, сондықтан мен «Болашақ» грантын алып, тігін ісімді ашамын деп үміттендім», – дейді алғаш конкурстан ұтып алған сәттерін есіне алып. Ол 250 мың теңгелік грант ұтып алды.
Елбасының өзі қатаң сынға алған жеңіл өнеркәсіп саласының бүгінде ақсап тұрғаны жасырын емес. Базар мен сауда орталықтарына бас сұға қалсаң Италия, Түркия, Қытай елдерінен, тіпті, көршілес Қырғыз ағайындардан жеткізілген киім-кешектер көздің жауын алады. Іздесең де таптырмайтын қазақстандық өнімдердің бағасы қымбат. Сондықтан да өз өнерімен кәсіп ашып, несібесін жеп отырған осындай жандарға қалай қуанбасқа.
«Өзімнің қолымнан келген тігін ісімен айналысып, халыққа қызмет көрсетіп жатырмын. Оның көп пайдасы бар екен. Көрпе тігумен қатар, арнайы тапсырыста киім-кешек тігумен де айналысамын. Осылайша өз кәсібімді жасап жатырмын», – дейді Лалахан Абдрахманова.
Ісмер әйел әзірге тігінмен өз үйінде айналысып, жұмыс жасауда. Тапқан ақшасына тігін машинасын, маталар, ине-жіп секілді қажетті құрал-жабдықтар алған. Лалаханның қызметтерінде жастық, жастық тысы, көрпе, көрпе тысы сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды.
Междуреченск ауылындағы үйінде отырып, бүгінде өз тұтынушыларын тауып қызмет көрсетуде. Аз уақыт болса да мұнда тапсырыс берушілер көбейген. Одан бөлек, балабақша, ауруханалардан тапсырыс алып, еңбегінің жемісін көруде. Кәсіпкердің алдағы жоспары – орталықтан үлкен шеберхана ашу. Ең басты мақсат – үлкен тігін шеберханасына айналу.
«Астыңда дөненің болғанша, қолыңда өнерің болсын», – демекші көпбалалы ісмер анаға бастаған ісіңіздің берекетін көріңіз демекпіз!

Н.МОМБЕК

САЛТЫМЫЗДА ҰҚСАСТЫҚ КӨП

Алдыңғы ақпарат

САБЫРЛЫҚ ПЕН ТӨЗІМДІЛІК ҚАЖЕТ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *