ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамМәдениет

ӨНЕР КӨККЕ ЖЕТКІЗЕР

«Іле сазы» ансамблі 2006 жылдан бастап ауданымызда жұмыс жасап келеді. 2012 жылы Алматы қаласы Республикалық балалар сарайында 5 жыл мерейтойы аталып өтсе, 2016 жылы Өтеген батыр кентінде №24 лицейде 10 жылдық мерейтойында концерттік бағдарлама көрсеткен. Ансамбльдің құрылғанына биыл 12 жыл.

Көркемдік жетекшісі В. Питерцев пен жетекші ұстаз Г.Құрманғалиева жас буынның өнерін шыңдауда талмай еңбек етуде. Соның бір дәлелі жақында барып Ресей сахнасын бағындырып келуі.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен XXXII халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестивалінде ансамбльдің бүлдіршіндері қатысып жүлделі орындармен оралды. 27 номинация бойынша өткен сайыс 24-27 наурыз аралығында болды. Вокал бойынша 300 қатысушы болса, оның 69 әнші бүлдіршіндерден тұрды. Іле ауданы бойынша 7-15 жас аралығында 7 бала қатысты. Ең кішкентай болып халықаралық байқауда өнер көрсеткен 7 жасар Даниял Амантай. «Тәуелсіз елім» әнін орындап, жұртшылықтың көзайымына айналып, І-орынға ие болған. Сонымен қоса, киелі сахнада бүлдіршінді туылған күнімен құттықтап, әділқазылар алқасы тілектерін жаудырған.

 

Келесі қатысушы 9 жасар Айдана Амантай Алтынбек Қоразбаевтың «Елге сәлем» әнімен І-орын алып, көрерменнің жүрегінен орын ала білді. Ал, 12 жастағы Аяжан Амантай «Сағындым ғой» деген Нұрғиса Тілендиевтің әнін орындап ІІ-орын алды. Бұл бүлдіршіндердің барлығы М.Мақатаев атындағы №13 мектеп оқушылары.

Ән жанрының әйгілі майталманы Шәмші Қалдаяқов «Теріскейді» әнін 14 жасар Нұрасыл Алимтаев орындады. Шәмші атамыздың әнін орындап І-орынға ие болды. Нұрасыл №35 мектеп, Жаңаарнадан келіп ансамблге қатысады.

Ақниет Бейсенде І-орын алды. Ол «Мона Лиза» әнін орындады. Ақниет болса, №24 лицейдің оқушысы. Ал, 14 жаста Станислав Каргачинский «Санта Лючия» әнін орындап, І-орынға ие болған. Боралдай ауылынан келетін Станислав №17 орта мектептің оқушысы.

 

Қазақстаннан барған қатысушыларға риза болып ұйымдастырушылар алғыстарын және таң қалдыра алғандарын айтты. Бұл жолғы фестивальге жаңа бұлақтардың келгеніне қуанды. Костюмдары да көздің жауын алатынын ескеріп, Нұрасыл Алимтаевты дәстүрлі киімін жақсы дәріптегені үшін арнайы номинациямен марапаттады. Әділқазылар алқасы осындай талантты балалары бар Қазақстан халқы бақыттысыздар деп, ұстазына әлі де бұдан да биік шыңдарды бағындыруын тілеген. Ансамбль мүшелері өздеріне қаржылай көмек көрсеткен Іле ауданының әкімі Қ.Медеуовке алғыстарын айтады. Аудан әкімінің арқасында өзге елдің сахнасын бағындырып келгендеріне дән риза.

Байқаудан бөлек қаланың көрнекті орындарымен таныстыру мақсатында экскурсия жүргізді. Эрмитаж, «Павловск» мұражайы, «Зоо-логиялық» мұражайға, Царское селоға алып барды. Жетекші ұстазының айтуынша, зоологиялық мұражайда балалар мұздатылған жануарларды көріп жандары ашып жүректерінің нәзік екенін көрсеткен. Бұл да бір мейірімділіктің белгісі іспеттес.

Фестивальге қатысқандардың ішінен 5 бала суперфиналға жолдама алған. Ол қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтеді екен. Жас таланттарды жетістіктерімен құттықтап, болашақта бұдан да биіктен көріне берулерін тілейміз!

 

А. САТЫМХАН

0

МАЖИЛИСМЕН К. К. ЖАБАГИЕВ ПОСЕТИЛ ИЛИЙСКИЙ РАЙОН

Алдыңғы ақпарат

ЦИФРОВИЗАЦИЮ МЕДИЦИНСКОЙ СФЕРЫ ОБСУДИЛИ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *