ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

НҰРОТАНДЫҚТАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Апта ортасында ауданымызға «Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының» 1-ші бастамасы аясында Өтеген батыр мен Боралдай кенттеріндегі салынып жатқан құрылыс жұмыстарына мониторинг жасау мақсатында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы С. Әбдіқадыров арнайы келді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық мәслихат хатшысы Р. Абиловамен бірге аудан көлеміндегі «7-20-25» аясындағы тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Садық Нұрсапаұлы алдымен киелі Іле өңірінің құрылыс индустриясының әлеуеті жоғары екенін айтты.
Алдымен Өтеген батыр кентіндегі Лукина көшесіндегі жеке кәсіпкер «Қазыбай» компаниясы тұрғызған 28 пәтерлі «Нұрлы жер» және Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясындағы жаңа ипотекалық бағдарлама – «7-20-25» бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты. Аудан көлемінде 28 пәтерге бар болғаны бюджеттік салада қызмет етіп жүрген ұстаздар қауымынан 12 үміткер тіркеліп, соның екеуі ғана баспаналы болуға рұқсат алған. Садық Нұрсапаұлы өз өкінішін білдірді. Өйткені ұстаз мәртебесін көтеру туралы маңызды тақырып қозғалып жатқанда 5 мыңнан астам ұстаз қызмет ететін ауданнан баспаналы болуға екеуі ғана жарағанына көңілі толмайтынын жеткізді. Баспананың шаршы метрі 180 теңге көлемінен жоғары болмауын басып айтты. Ол: «Елбасымыздың жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсындым ғой», – деді. Бұдан кейін Боралдай кенті, «Водник-3» ықшам ауданында «Адал Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған тұрғын үй құрылысымен танысып, құрылыста жіберілген ақауларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы С. Әбдіқадыров өзінің ауданымыздағы жұмыс барысында аудандық мәслихат хатшысы Р. Абиловамен бірге «Прогресс» техникалық колледжіне барып, оқу орнының басшысы Ж. Телпекбаевамен бірге ұстаздармен кездесті. Онда жақын арада «Педагогтардың мәртебесі» туралы арнайы заңның қабылданатыны жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олай дейтініміз, биыл «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданатын болды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастайтыны айдан анық.
Себебі, қоғам болып көтерген мәселенің билік тарапынан еленіп, ескерілуі сирек жағдай. Ал ұстазын қолбала еткен қоғамның ұзаққа бармайтыны жиі айтылса да, оған құлақ асқандар болмап еді. Соның салдарынан «Бір әріп үйреткен адамға қырық жыл сәлем бер» деген халық екенімізді ұмыта бастаған едік. Енді, сол олқылықтың орны толатын сәт туғандай. «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданса ұстаздардың мәртебесінің артатыны сөзсіз.
Ұстаз туралы ой толғай келе облыстық қоғамдық кеңес төрағасы С. Әбдіқадыров: – Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім оған негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, осы мәртебелі мамандық иесінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздардың еңбектеріне сәттілік тілеймін- деді.
Сөз соңында С.Әбдіқадыров мырза ауданда 30 жылдан астам информатика пәнінен сабақ беріп жүрген ұлағатты ардагер ұстаз Л.Слюнинаға облыстық қоғамдық кеңес тарапынан қол сағатты сыйға тартты.

Б. ЧОЙБАСОВ.

0

МОДЕРНИЗАЦИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО СОЗНАНИЯ. ПРОСТЫМ ЯЗЫКОМ

Алдыңғы ақпарат

ТҰЛПАР МІНІП, ТОП БАСТАҒАН ҚАЗАҒЫМ…

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *