Нұрлы жол

НҰРЛЫ ЖОЛ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Соңғы уақыттардағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр.

Күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сүрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстың алдын алып, барша қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге бағытталғаны белгілі. Осындай маңызды бағыттың шеңберінде бағдарламаның негізгі міндеттері де айқындалған болатын. Атап айтқанда, бұлар «шұғыла» қағидаты бойынша

тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту шараларын қарастырады. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту мәселелері де бағдарламаның аясында жандана түспек. Бұдан белек, ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасы өңадеу өнеркәсібі салаларының жекелеген секторларын, агроөнеркәсіп кешенін экспорттаушыларды қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау және геологиялық барлауды жандандыру мәселелерін қамтып отыр.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қамту толығымен шешімін тапқан. Атап айтқанда, ауданымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес одан әрі дамытып, шығарған өнімдердің көлемі 140 млрд. теңгеге дейін жеткізіп, ал бюджетке 16 млрд. теңге салық түсіру жоспарлануда. Бағалар мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс жалғасады. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша 87 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ғани ДАУТАЛИЕВ, аудандық мәслихат депутаты

0

ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ!

Алдыңғы ақпарат

ЭКСПО ӨМІРШЕҢ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *