ЖаңалықтарҚоғам

Нұр-Сұлтан атауын қолдауға 23000 жетісулық жиналды

Елорда атауының «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін жетісулықтар қуана құптап, мерекеледі. Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өткен үлкен шараға үн қосуға 23 000 адам жиналды.
Ізгі тілек пен жалынды ұрандардың соңы мерекелік концертке ұласты. Саябақтағы кештің сәнін жетісулықтарды құттықтауға келген эстрада әншілері кіргізді. Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов сияқты танымал өнерпаздар және «Алтынай», «Горец» би ансамбльдерінің өнерін жиналғандар жылы қабылдады. Көңілді кештің соңы түнгі отшашуға ұласты. Астана қаласының атын «Нұр-Сұлтан» атауына ауыстырылуын қолдаушылар арасында жастар легі көп екен. Жетісулық жас ұрпақ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорда атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беру жайлы ұсынысын қолдайтындықтарын айтады.
Мәселен, Алматы облысының Ардагерлер кеңесі төрағасы Е.Келемсейттің айтуынша: – «Қазақстанның қазіргі жетістіктеріне жол оңай болған жоқ, бірақ Елбасымның арқасында ел барлық кедергілерді еңсерді».
– «Қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы көптеген қиын сынақтарға ұшырады, тек бірнеше жыл өткеннен кейін, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің арқасында, біздің ата-бабаларымыз қазақ даласына ұзақ жылдар бойы армандайтын тәуелсіздікке қол жеткіздік, бүгінгі табыстарға жету жолдары өте күрделі болды.
Уақыттың әртүрлі жаһандық қауіп-қатерлерінен тұратын көптеген қиын кезеңдерді, өзгерістерді бастан кешірдік, батыл қадамдар жасап, үлкен биіктерге жеттік. Біздің Елбасымыздың шешуші шешімі арқасында біз өз мақсатымызға қарай жүріп, жаңа көкжиектерді кезең-кезеңмен жаулап алдық. Қазіргі Қазақстан – бұл бүкіл әлем қоғамдастығымен танылған, болашаққа ұмтылған күшті мемлекет. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз жарқын оқиғалар мен үлкен жетістіктерге толы дәуірді бастан өткердік. Сондықтан, менің ойымша, елорда біздің Елбасымыздың атын атауға тиіс» – деді ол.
Осы орайда «Жалпы тәуелсіздік, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу және басқа да көптеген маңызды халықаралық оқиғалар, бұл біздің Елбасымыздың еңбегі. Сондықтан, мен астананың атын өзгерту лайықты шешім деп санаймын. Нұр-Сұлтан – менің астанам, сондай-ақ гүлдейді және өсіп келеді», – дейді «Кеңдала» шаруа қожалығының басшысы К.Алпысбаев.

НҰРЛЫ БЕК, журналист

0

НАУРЫЗ – ЭТО ЯРКОЕ СОЛНЦЕ, тепло, веселье и… конечно, коже с баурсаками

Алдыңғы ақпарат

ҚҰТ ПЕН ҚЫДЫР КҮНІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *