Бас мақала

ҮМІТІМІЗ ҮЛКЕН, МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН


12 маусым күні еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның жаңа сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Ресми түрде қызметіне кіріскен мемлекет басшысы мәлімдеме жасап, халықты толғандырған өзекті мәселелерді атап өтті. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында 10 бағыт бойынша алда тұрған міндеттерге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев көп кешікпей Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізбек. Мен еліміздің азаматы ретінде жаңа Президентімізден жаңа Үкіметтің кеңейтілген отырысынан үлкен үміт күтемін.
Ол кісінің ең бірінші халықты ойлағаны болар. Бірқатар қалалар мен министірлерді жаңартты. Президент әкімдер алдына бірқатар міндет қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ең алдымен азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын, қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Елде заң үстемдік құруы қажет. Заң алдында барлық азаматтардың құқығы бірдей. Сондықтан заң үстемдігін қамтамасыз ету маңызды. Әкімдер кабинеттерінен шығып, халықпен ашық диалогқа баруы керек. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек, – деді.
Мемлекет басшысы еліміздегі мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіру мәселесіне тоқталды. Бүгінгі ең өзекті мәселе жұмыс орындарын ашу. «Аймақтарда жұмыс орындарын ашу әкімдердің жұмысының басты көрсеткіші болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек», – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын атап өтіп, осы Кеңеске мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Сонымен қатар Президенттің кадрлық резервіне де ұсыныстар әзірлеу керектігіне назар аударылды. «Әр өңірден ұсыныстар беріңіздер. 300 жасмаманды іріктеп, мемлекеттік қызметтің барлық саласына тарту керек. Осы жасмамандарды іріктеу ісі әділ жүргізілсін», – деді.
Міне, жоғарыдағы алғашқы қадам біздің жарқын болашаққа бастайды деген үлкен сеніміміз бар.

Е. ТҰРЫМБЕТОВ, ауданның Құрметті азаматы,
Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

0

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

Алдыңғы ақпарат

ЖАЛЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *