ЖаңалықтарҚоғам

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН САУЛЕ

Әйелді әйел ғана толық түсінеді, оның жанын, тәнін тек әйел тәрбиеші ұғады деуге де болады. Дегенмен, пенитенциарлық жүйеде қызмет ету барысында сотталған әйелдер арасында әйелдік мінез-құлқы табиғаттан нәзік жанды деп, сезімтал, аянышпен қарау, «мен де әйелмін ғой, мен де анамын ғой» деген көзқарас таныту – қазіргі таңда да қоғам, адам, тіршілік, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары түбегейлі өзгеріп жатқанда өте күрделі. Әсіресе, көбінде өмірден, әйел бағынан, отбасынан үміт үзген, қатыгез кәмелетке толмағандарды, қыз-келіншектерді тәрбиелеймін, тура жолға қоямын, түзетемін, «адасқан шығар» деген ниетпен қолұшын берейін деген ой да баршамызды мазалады. Түзеу мекемесіне алғашқы уақытта қызметке келгенде, әрине әріптес әйелдердің көбісі де осындай көзқарас, пікір жүректеріне ұялаған болар… Басында сондай көзқарастан алданған да, жалған көз жастарына да сеніп қалып, олардың құлық пен алааяқтық торына өзіміз де түсіп қалмай, олар да бізді өз тарапынан «тәрбиеледі» деуге болады. Жылдар өтіп, тәжірибе жинақтап, талай сынақтан сүрінбей өтіп келе жаттық. Сонымен, біздің ерекше қызметіміз бізді өмірге де, жақсы мен жаманды ажыратуға, қандай пиғылды адам, әйел екендігіне өмір мектебі сияқты үйретті. Жүре-жүре, енді таразы секілді, алдымызға жазасын өтеуге түскен әйелдің қандай адам екендігін бір көргеннен айқын ажырата алатын болдық. Есімім Сәуле болғандықтан ба, әлде де мен де осы сотталған әйелдер осындай «қараңғы», жабық, қоғамнан, отбасынан, туған-туыстарынан, жақындарынан, туған жерінен, қалаған не қалаусыз жұмыс орнынан, сүйіктісінен, бала-шағасынан оқшауланып қамауда ұсталатындарға бір үміт, болашаққа сенім, өмірге құштарлық, жүрекке жарық нұр, сәулесін түсіретіндей, бойларына оң наным, имандылық, ізгі ниеттілік тудыратындай қарауым керек деп түсініп, осындай ұғымды ұстандым. Қатыгездіктен, кекшілдіктен, тәкәппарлықтан, көкіректіктен аулақ болайын, бірақ табанды, принципті, үлкен жауап-кершілікпен қарау және қарамағымдағы әріптестерімнен де, тағдырдың жағдайына қарай белгілі бір мерзімге маған бағыңқы болған сотталған әйелдермен де талапты болуды өз алдыма басты мақсат ретінде қойым. Бұл мекемеде әке-шешем де, сыныптасым да, әріптес құрбыларым да жұмыс істегеннен бе, мен үшін айрықша шаңырақ тәрізді. Осы жердің нанын жеп, суын ішіп отырған соң. Ауылымыздың атауы да тарихи ғой: заманында батыр ата-бабаларымыз жоңғар басқыншылардан жерлестерімізді, отандастарымызды құтқарып, осы біздің ауылға жеткізбей жауды тоқтатқан емес пе? Дегенмен, әрине көпшіліктің, бейтаныстардың алдында қайда жұмыс істейтіндігімізді жасырамыз, құпия ретінде қараймыз.

Мекемеде, департаментте, өз ауылымызда ұйымдастырылып өткізілетін көптеген мәдени және спорттық іс-шараларға қуана, шын пейіліммен қатысатынмын, өйткені жарты ғасырдан астам, тұрақты бір орында, бір жерде ерінбей еңбек еттім. Орыс жазушысы атақты Максим Горький айтқандай: «Моя жизнь – мои университеты» дегендей, мен үшін де осы еңбек еткен мекемеміз, ауылым, өмірім, жинақтаған еңбек тәжірибем – менің университетім! Жұмысыма адал ниетпен, жауапкершілікпен қарағандықтан, аға буын әріптестерімнен барынша үйренуге тырысқандықтан, талпынғандықтан, мен де оншақты жылдан астам жас мамандарға тәлімгер болдым. Өзім жинақтаған тәжірибемді жұмысқа жаңадан келген әріптестерімен шын пейіліммен үйретейін деп бөлістім, көмек бердім.

Мен, Оразаева Сәуле Махмұтқызы, 1973 жылдың 24 маусымында Алматы қаласында дүниеге келдім. 1993 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, «Береке» елді мекеніндегі В.И. Ленин атындағы кешкі сырттай орта білім беретін мектепті аяқтадым. Әкем, Оразаев Махмұт та ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155\4 мекемесінде қызмет етіп, анам да аталмыш мекемеге қарасты Республикалық мемлекеттік мекемесінде ерікті жалданушы ретінде тігінші болып көп жылдары еңбек еткеннен шығар, мүмкін менің сынаптасым Сәкен Бектемірұлы Нұрпейісов сол мекеменің ұзақ жыл басшысы болып, зейнеткерлікке шыққан ба екен, болашақ мамандық таңдауда көп ойланған жоқпын. Осы «Жауғашты» ауылындағы әйелдер колониясында жұмыс істеймін деп шешім қабылдадым. Аталмыш мектепті сырттай кешкісін оқып жүріп, осы мекемеге, яғни құқық қорғау органдарына жұмысқа кіріп, мекемедегі бақылаушы қызметі бөліміндегі кәмелет жасына толмаған сотталғандарды қадағалау бойынша бақылаушы қызметінен 1992 жылы еңбек жолымды бастадым. Екі жылдан кейін сол қызметтің ШИЗО (айыппұл оқшаулау орны) бойынша бақылаушы лауазымына ауыстым. 3-4 жыл істеп, өндіріс аймағының, тұрғын аймағының, күзет бөлімінің пульты операторы ретінде қызмет етіп, тәжірибе жинақтадым. 2003 жылдан бастап бақылаушылар бөлімінің наряд бастығы лауазымына тағайындалдым. 2010 жылдан бастап наряд бастығы-аға маман, 2011 жылдан бері қазіргі таңға дейін бақылаушылар бөлімінің наряд бастығы болып қызметімді атқарып жүрмін.

Сонымен еңбек жолымды осы әйелдерді ұстайтын мекемеден бастап, бір орында тұрақты 26 жылдай бақылаушы қызметін атқарудамын. Жауғашты ауылы – менің екінші туған жерімдей, осы ауылда өз отбасымды құрып, балалы-шағалы болдым. Ұлым мен қызым мектеп оқушылары. Болашақта балаларым парасатты, адамгершілігі мол, білімді, еңбекқор, туған жеріне, еліне берік болса, Отанымыздың патриоттары болып, атақты жоғары білім ордасынан жақсы білім алып, еліміздің өркендеуіне елеулі үлесін қосса, деп армандаймын. Олар тура жолдан ешқашан таймай, адаспай, рухани бай, сана сезімі биік, ұлағатты тұлға болса екен деп әр ана баласына тілейтіндей, екеуіне үлкен үміт артамын.

20 маусымда – ҚР ІІМ полиция қызметкерлерінің кәсіби мейрамы, барлығымызға ортақ мереке келе жатыр, Алла бұйыртса, сол мейрамнан кейін 45 жасқа жетермін, осы қызметімде жарты ғасырдан астам, яғни 25 жылдан астам ерінбей еңбек еттім. Жарқырап қараңғыда туып күнім…, деп айтуыма болатын шығар… Өйткені, еңбегім еленіп, Астананың қақ ортасындағы ҚР ІІМ министрінің өз қолынан медальмен марапатталып, құттықтауын қабылдап, сондай мәртебеге жеттім. Сондықтан да мен бақытты әйел, мейірімді ана, сүйікті жар, ата-анамның қамқоршы қызы, білікті, тиянақты маман, жауапты, еңбекқор тұлға ретінде қалыптаса алдым!

Құрметті отандастар, Ораза айы мүбәрак болсын! Әріптестер, келе жатқан кәсіби мейрамымыз құтты болсын!

 

 

З. КӨКЕНОВА,

ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155\4 мекемесінің қазақ тілі маманы,

аудармашы

0

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ

Алдыңғы ақпарат

ФЕРМЕРАМ РАЗРЕШИЛИ ИМЕТЬ МАГАЗИНЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *