Бес әлеуметтік бастама

ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР БЕС БАСТАМА

Біздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды назардан қалыс қалдырып көрген емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері қаржы дағдарысына ұшырап, әлеуметтік салаға бөлінген бюджеттік қаржыны азайтып, кей жағдайда еңбек ақыларын төмендетіп жатқанда біздің ел жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдем, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп отырды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің де жалақылары жыл сайын өсу үстінде болды.

Енді міне, Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария етті. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе, өйткені Қазақстанда соңғы жылдары халық саны жақсы өсіп келеді. Жыл сайын үйленіп жатқан жастарымыздың да қатары толығуда. Ауылдардан қалаға көшіп келіп жатқан жастар легі де жетерлік. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасы тұрғын үй ипотекасына қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру үшін өте маңызды қадам жасады. Бұл баршамызды қуантты. Ендігі арада жұмыс істейтін әр адам несиеге пәтер алып, оны өздерінің отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай жағдай жасалып отыр. Мұны әлеуметтік саладағы үлкен жеңіс деп бағалаймын. Сонымен бірге, несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16% емес, жылына 7% аспайтын болып белгіленді. Бұл әсіресе, жастарымызға, әлеуметтік жағдайы төмен және жалақылары аз жандарға өте тиімді болмақшы.

Елбасы біздің алдымызға зор міндеттер қойды. Ол міндеттердің барлығы да елдің мүддесі. Олай болса, сол елдік мүдделерімізді өз игілігіміз үшін жаратуға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауға тиіспіз. Әрине, бұл үшін бізге еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы керек. «Бақ та, ырыс та, береке де жерге барады» деген халқымыздың ежелгі бір даналығын әрдайым есімізде ұстап, Елбасының бес бастамасын орындауға құлшына кірісейік!

 

Э. САНКЕШ, Іле аудандық кітапханасының кітапханашысы

 

БУДНИ ГРАНИЦЫ НА ДАЛЬНЮЮ ЗАСТАВУ

Алдыңғы ақпарат

ОРТАҚ ІС – ОРАМДЫ ОЙ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *