ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ӨМІР СҮРУ САПАСЫН БІРГЕ АРТТЫРАМЫЗ

2019 жылдың 19 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының партия активі отырысы өтті. Күн тәртібінде – «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде Партия Төрағасы, Елбасы берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы мәселе қаралып, аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Б.Қарасаев баяндама жасап, 2019 жылғы 27 ақпанда Елордамызда Ел Президенті, партия Төрағасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде атқарылған жұмыстар сараланып, партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: 10 жылдыққа 10 мақсат» атты бағдарламасы қабылданғаны, Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені, Мемлекет басшысы әр саладағы жұмыс нәтижелері ең алдымен халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға және олардың мүдделерін іске асыруға бағытталғаны, сонымен қатар, ауданда аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету және кірістерін көбейту, тұрмысы төмен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау саласын жақсарту, аймақты кешенді дамыту мәселелері бойынша атқарылатын іс-шараларға тоқталды.Жарыссөзде Байсерке ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, партия тобының жетекшісі, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Сүлейменова тұрмысы нашар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету шарасы Іле ауданында да өз қолдауын тауып, бірінші кезеңде көмекке аса мұқтаж жандарға түсіндіру шараларының өткенін, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар аудан әкімінің, ауыл әкімдерінің жеке қабылдауларында болып, мұң мұқтаждарымен бөлісіп, көптеген жанұяның жеке мәселелері қаралып, оң шешу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы айтылды. Ауданда жергілікті бюджеттен мемлекеттік балабақшалардағы көпбалалы аналарға ата-аналық жәрдемақыны субсидиялауға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды тамақтандыруға, көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушылардың санаторлық-курорттық емделуіне, қосымша қаражаттың бөлінуі, Елбасымыздың көтерген үндеуінің біздің ауданымызда да жүзеге асып отырғаны екендігіне тоқталды. «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінің делегаты Ж. Телпекбаева съезден алған оң әсерімен бөлісіп, Елбасымыз халықтың әл-ауқатын арттыруға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жайлы тоқталды, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мәселесі, скрининг нәтижесінде өңірде бизнесті дамыту жоспарын әзірлеу, мемлекеттік қолдау шараларын бейімдеу жайлы, халық тұтынатын тауарларды өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмыстарын дамыту керектігі жайлы ойын білдірді. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, партия белсендісі Н.Орынбасаров партияластарды 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, Елбасымыз 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялағаны,осыған орай «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауданымыздың жастарын спортқа баулып, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, рухани тәрбие беру мақсатында көптеген іс-шаралар мен турнирлер ұйымдастырылғаны жайлы тоқталды. Сөз соңында аудан жастары еліміздің дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосатыны жайлы айтты.
Іле аудандық партия филиалының төрағасы партия активінің жұмысын қорытындылап, төмендегідей тапсырмалар берді:
1. Кент және ауылдық округ әкімдері өз аумақтарындағы жағдайды толықтай зерделеп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар туралы мәліметті тоқсан сайын жаңартып, толықтырып отырулары тиіс.
2. Осы орайда бастауыш партия ұйымдарының төрағалары тапсырманың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы керек.
3. Жергілікті жерлерде демеушілерді, жеке кәсіпкерлерді ұйымдастырып, шешуді шұғыл қажет ететін мәселелерді қолдарына алып, оны дер кезінде орындауы қажет.
4. Әр ауылдық округ аумағында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау, көмек көрсету жұмыстарын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А.Сатибаевқа міндеттеді.
5. Елбасының партияның ХVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін Жол картасын әзірлеп, жинақтауды аудан әкімінің орынбасары Н. Құматаевқа, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г. Естеусізоваға жүктеді.
6. Тоқсан сайын бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде партиялық тыңдаулар өткізіп,мемлекеттік орган басшысының жауапкершілігін күшейту тапсырылды.
7. Бұқаралық ақпарат құралдарында тапсырмаларды іске асыру барысын, халық арасындағы ахуалды тұрақты зерделеп, оларды шешуге бағытталған нақты жұмыстарды көрсетуді (А. Сатибаевқа, Е.Тұрымбетовке, Ұ. Жұмаділоваға, кент, ауыл әкімдеріне, бөлім басшыларына) міндеттеді.

Өз тілшіміз

0

ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ АПАРАТЫН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

Алдыңғы ақпарат

ӘРБІР БЕЛЕС, ӘРБІР АСУ,ОЛ – БІР ІЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *