ЖаңалықтарҚоғам

«МЕНІМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕС» АТТЫ ПАРТИЯЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Нұр Отан » партиясы Іле аудандық филиалы мен Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менімен қазақша сөйлес» атты партиялық акция басталды. Акцияның мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтау, ұлт бірлігін нығайта отырып мемлекеттік тіл саясатын іске асыру. Бүгінгі акция аудандық емханадан бастау алды.

Дәрігерлер науқастарды көбінесе мемлекеттік тілде қабылдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Тіл орталығында мемлекеттік тілді меңгерген емхана, ауруханадағы өзге ұлт өкілдерінен құралған қызметкерлері де науқас құжаттарын мемлекеттік тілде толтыратындарын айтып өтті. Тіл орталығы қызметкерлерімен мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдерінің меңгеруіне көмек қолын ұсынуға шақырып, акция бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция ары қарай басқа мекемелерде де жалғасын табады.

0

АНТИТЕРРОРИСТИЧЕСКИЕ УЧЕНИЯ

Алдыңғы ақпарат

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗЕДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *