ЖаңалықтарҚоғам

МЕМОРАНДУМ – КЕЛЕШЕККЕ КЕРЕК

«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдар, бөлім басшыларымен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.

Шара барысында Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов сөз сөйлеп, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл ету туралы мемо-рандумның мақсаты, бірлескен қызметтің бағыттары, жұмысты үйлестіру бойынша түсініктеме берді. Шараға Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық орталық ауруханасы, аудандық білім бөлімі, аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі істер басқармасы, «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базис» қоғамдық бірлестігі басшылары қатысып, меморандумға қол қойды және алдағы бірлесіп атқаратын жұмыстарды айқындады.

 

Өз тілшіміз

0

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ

Алдыңғы ақпарат

КӨЗ ТАРТАР КӨРІКТІ ОРЫН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *