Спорт

Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті


Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай пейнтболдан облыстық жарыс өтті. Оған Жетісу өңірінен 12 команда қатысты.

Пейтбол бәсекесі облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет өтіп отыр.Қатысушылар қатары да көп. Әрқайсысы 5 адамнан құралған 12 команда өзара екі топқа бөлінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізудегі басты мақсат халық арасында сала өкілдерінің беделін арттырып, бірлігін нығайту.

Ертеңнен кешке дейін қазіргі заманның қаржы саласы бар, қаржыны жинау, оны орналастыру, осы саланың барлық жұмыстарын игеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің мойнында. Сондықтанда мемлекетшілердің жұмысқа деген көзқарасы, жұмыс істеу деңгейі өте жоғары болуы керек. Соған байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шара, -деді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев.

Пейнтбол бастапқыда арнайы мақсаттағы әскери жасақтың жаттығуы болған. Кейіннен халық арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, жылдам тарап кетті. Бұл ойынның талабы жылдам, әрі жұмыла әрекет ету. Қатысушылар ұрыс алаңында жеңіске жетуге тырысты.

Жарыста Талдықорған қаласының әкімдігі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Білім басқармасына бұйырса, қола жүлдегері Ескелді ауданына бұйырды.

Экстремалды спорт қарқынды дамуда

Алдыңғы ақпарат

Токиодағы Олимпиада ойындарында Жетісу спортшылары Қазақстан атынан өнер көрсетеді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *