ҚоғамСпорт

Мемлекеттік қызметшілер арасында «Ақмола – адалдық алаңы» аясында спартакиада өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен және Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізді.

Іс-шара мемлекеттік қызметкерлер арасында адал спортты насихаттау, салауатты өмір салты қағидаларын енгізу және спорт арқылы ұжымдарда парасатты қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ақмола-адал алаңы» аясында өткізілді.

Жиналған қатысушыларды жобалық кеңсенің басшысы Самира Тайтенова құттықтап, спорттық жарыстарға тек адалдық пен парасаттылық қағидаттарында қатысуға шақырды.

«Біздің облыс өзінің спорттық тарихын мақтан тұтады. Өңірде атақты чемпиондар мен рекордсмендердің, елеулі нәтижелерге қол жеткізген және салмақты жеңістерге жеткен тұтас ұрпағы тәрбиеленді. Біз адал спортты таңдап, спартакиадаға қатысушыларын адал болуға шақырамыз. Біздің әрқайсымыз өз күш-жігерімізбен ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан, бірінші кезекте сіздерге әділ төрешілік тілеймін. Әрбір адам адал ауыр еңбегі үшін лайықты марапатқа ие болсын. Барлық қатысушыларға бақыт, өз күшіне сенімділік, шыдамдылық және сәттілік тілейміз!» — деп атап өтті Самира Тайтенова.

Айта кету керек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен бірлесіп мемлекеттік органдар ұжымдарында спортпен және дене шынықтырумен айналысуды белсенді түрде көтермелейді. Спорт рухы ұжымды біріктіреді және қызмет көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартады.

Спартакиаданың бағдарламасында веложарыс, алыс және шағын қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, пресс сияқты жарыс түрлері ұсынылды. Сонымен қатар, футбол матчын өткізу жоспарланған.

Спартакиада үш күнге созылады. Оған облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметкерлерінен тұратын құрама командалар қатысады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

Емханаларға тіркелу жүйесі автоматтандырылды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *