ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ ДАМУЫНЫІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Құрметті әріптестер!

2013 жылы Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелері туралы» Жарлығына өзгертулер енгізіп, 23 маусымды мемлекеттік қызметшілер Күні деп жариялаған еді. Осыған орай аталған мереке ресми мәнге ие болды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет салмақты. Осы салада еңбек етіп жүрген кез келген маман жаңа тұжырымдамаларға сәйкес уақыт талабына сай жұмыс істеп, халықтың сенімінен шығатын жауапкершілігі мол тұлғаға айналуы қажет. Біздің аудан көлемінде 400-ден астам мемлекеттік қызметшілер еңбек етеді. Олардың дені – болашағынан көп үміт күттіретін жастар. Сондықтан, барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметшілер бүгінгі күні Елбасымыздың тапсырмасын орындауда үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Соңғы жылдары атқарылып жатқан саясаттың нәтижесінде ауданымызға жүктелген міндеттердің барлығы да жоғары дәрежеде орындалып жатыр деп айта аламын. Дәл осы қарқында ауданымызды одан әрі көркейте түсетіндеріңізге нық сенімдімін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастаған істеріңізге сәттілік пен бірлік тілеймін!

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы
0

ОКРУГТЕРДЕН ХАБАР

Алдыңғы ақпарат

БІЛЕК КҮШІ БІРІККЕНДЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *