ҚоғамСпорт

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында суда жүзу спортынан жарыс өтті. Додаға 8 команда қатысты.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мұрындық болуымен өтті. Өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жарысқа жоғары дайындықпен келген спортшылар жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, 3-орынды жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы еншіледі. Эстафета сайысында 1-орынды жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, 2-орынды ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, 3-орынды кірістер департаментінің командасы қанжығасына байлады. «Қорғаушы» сайысында 1-орынды Алмаз Нақыбаев, 2-орынды Шынтас Нысаимов, 3-орынды Рустам Орсаев иемденді.

Айдар Қалиев

0

Алматы облысында «Музейдегі түн» әдеби-сазды кеші өтті

Алдыңғы ақпарат

«Egemen qazaqstan»-100: Дархан Қыдырәліге «Құрметті профессор» атағы берілді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *