ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЗаң және бізҚоғам

«Мемлекеттік қызмет саласында жүргізілетін бақылау шаралары туралы»

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауына, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 134-бабына сәйкес, бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.

Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) жоспардан тыс тексерулер.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын «тексеру» ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін «тексеру» болып табылады.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын «тексеру» жоспардан тыс «тексеру» болып табылады.

Профилактикалық бақылау мен қадағалау:

1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;

2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.

Бақылау және қадағалау органы бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды

мүдделеріне олардан төнетін қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында олардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, жүзеге асырылады:

1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.

Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласында 26 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 12 – профилактикалық бақылау, 8 — жеке тұлғалардың өтініштері бойынша, 2 — заңды тұлғалардың өтініші бойынша, мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша – 2, прокуратураның тапсырмасы бойынша – 2.

Тексеру барысында 106 заң бұзушылық анықталып, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 40 ұсыныс енгізіліп, 15 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 30 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 11 — ескерту, 18 — сөгіс.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының басшысы Ұлан Серікұлы Қалжанов

ЖЫЛДЫҢ ДА МІНЕЗІ БАР, ЖАҚСЫ-ЖАМАН…

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шаралары жұмысын бастады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *