Білім және ғылымЖаңалықтарҚоғамМәдениет

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — УЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЕҢ БАСТЫ КІЛТІ

Үлттық сананы қапыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға бапасына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдасгықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуепсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Үлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен- бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бүл үғымдар қажетті жағдайла бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұп турасында Президент Н. Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымыэға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп жазды «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласында. «Үлттық жаңғыру деген үғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, — деп жазады Президент. — Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық бопмыстың өзегін сақгай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір саптанат қүрып түрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің үлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр». Әлемдік өркениет көшінде әрбір үпт өзінің барлық қундылықгарын, әсіресе тіл деген үлы байлығын шама келгенше қорғап, сақгап жолында. Үлттық сананың қапыптасу жолында, өткен тарих көшіндегі өнеге- ғибраттарды сақгау арқылы біз қазіргі апасапыран заманда үлттық тілімізді қорғай аламыз. Өйткені жүлымыр уақыт, аласүрған кеңістік пен жаһанданған құбылыстардың қауіп- қатері барған сайын күшейіп отырғанына көз жетеді. Мемлекеттік тіл — үлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше саптанат қүрған кешегі көшпелілер дәуірінің ендігі кезеңцегі даму қарқыны да сол байыргыдан кепе жатқан көне тілдерін сақтауымен тікелей байланысты. Үлттық тілді сақтау үшін сананың ашықтығы айқын бопуында. Елбасы мақаласында дүрыс түжырымдайды: «Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін бігщіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не бопып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір саптымыз: жүмыс, тұрмыс, демапыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бүған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл — өзгелердің тәжірибесін апып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі». Демек, ұлттық жаңғыруымыздың келешектегі көрінісі осындай мысалдардан аңғарылып түр: ешкімнің қолы жете бермейтін шыңыраудағы су болғанша әркімнің несібесіне ырзық болар жайдақ су бопуды мақсат тұту деген Абай мүраты бізге осылай жетеді. Мемлекеттік тіл қарпі түйықтапған кирил таңбасынан латын әліпбиіне өту тапабын қоғамның қызу тапқылауы да бепгілі бір аймақган ұлан кеңістікке ұмтылу ишарасы. Нендей өзгерістер алда түр, біз соларға қарсы жүруді, онсыз да келіп-кетер қиындықпен алғашқы бетте кездесуді таңцадық. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі — қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқапардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бүл — табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі». Жаһанданудан тыс қалу мүмкін болмаған заманда оған қарсы жүру — кездескен қиындық атаулыны тез еңсерудің мүмкіндігі. Жаһандану құрдымына жұтылмаудың дара жопы — ұлттық дәстүрден ажырамау. Ал ұлттық дәстүрдің өзегі — ана тіліміз еді. Бір аксиома бар: бұл дүниеден барлық нәрсе өтеді, бірі сыбағасын апып, енді бірі ештеңе бүйырмаған күйінде. Өркениеттен өз еншісін алған үлттардың тілі мен салт- санасы, барлық қүндылықтары өркендеу кезеңінде тұр. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бабам ыз «Қазақ тілі ғүмыр жүзінде өз бәйгесін алар» дегені расболса, республика жүртшылығының 67 пайызын құраған қазақхалқыныңтілі болашаққа бетапары сөзсіз. Сырттағы 5 миллион агайынды қоспаған күннің өзінде осындай жетістігімізді жоққа санамауымыз керек, ертеңдері олар Қазақстан азаматтығын алғанда автоматты түрде бірнеше есе көбейгенімізді ойласақ, жұбаныш етеміз. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз епімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деген президенттің шынайы түжырымына көзіміз жететін кезең апда тұр.

0

АСТАНАНЫҢ ЖАНА СИМВОЛЫ

Алдыңғы ақпарат

ӨРГЕ УМЫТЫЛҒАН ӨНЕР ИЕСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *