ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

МЕЙІРІМДІЛІК –ЖҮРЕКТЕН


«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деп дана халқымыз айтқандай Қайырымдылық жасау халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. Дегенмен, олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі. Сондай иманды, жаны жұмсақ азаматтардың бірі Өтеген батыр ауылында да жетерлік. Атап айтар болсақ: «Жұлдыз» дүкені таңертеңгі сағат 8-ден бастап тегін тамақ үлестірсе, әр сәрсенбі сайын 5 жұмыртқа, бейсенбі күні 1 литр сүт, жұмада 1 келі қант, сенбіде 2 келі картошка, жексенбіде 2 наннан үлестіреді. Дүкен қожайынының қызметін атқарушы Айнұр Қанаханқызы ол үшін ешқандай құжат талап етпейді де, тек кезекке тұрып аласыз. Ал, екінші қайырымдылық көмек қолын созып отырған «Перекресток» сауда үйі. Бұл сауда үйі әр жұма сайын тегін нан таратады екен. Дүкеннің иесі Ерлан атты қарапайым жігітке халықтың айтар алғысы шексіз. Сонымен қатар, «Сенім» сауда үйінде орналасқан «Дәріхана» қызметкерлері де сенбі күні тегін нан таратады. Дәріхана қожайыны өзге ұлттың өкілі Константин Опра. Бұл іспен төрт айдан бері айналысып келе жатқан қайырымды дүкендердің бірі, «Алихан-1» және «Алихан-2». Бұл дүкеннің қызметкерлері қасиетті Рамазан айында да бұл дәстүрді жалғастырсақ деген ниетте. Мұндай қайырымды жандарға қарапайым ауыл халқының айтар алғысы шексіз. Оларға әрдайым жүректеріңіздегі мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әр адамның жүрегіне қуаныш сыйласын дейміз. Ел еңсесін биіктеткен осындай мерейлі істер жаңа көкжиектерге бастай берсін. Ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, әр адамға жасаған жақсылық ­өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын!

Қилаш ОСПАНОВ,
Өтеген батыр ауылының тұрғындары атынан

0

БАЛАҒА БАҒЫТ ЖАНҰЯДАН

Алдыңғы ақпарат

ПОВЕРЬ В МЕЧТУ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *