ДенсаулықҚоғамМЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ТҮСКЕН ЖАРНАНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 214 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Оның 205,5 млрд теңгесі (95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал 8,9 млрд теңге (4,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Алматы облысы бойынша жарна көлемі 10,2 млрд теңгені құрады. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Жеңілдік берілген азаматтар қатарына төмендегі 15 санат кіреді:

1) балалар;

2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

5)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

7) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;

8) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;

9) мүгедектер;

10) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;

11) жұмыс істемейтін оралмандар;

12) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

13) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар;

14)сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;

15) тергеу изоляторларында отырғандар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;

9) мүгедектер;

10) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;

11) жұмыс істемейтін оралмандар;

12) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;

13) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар;

14)сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;

15) тергеу изоляторларында отырғандар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

«100 жаңа есімге» кім лайық?

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *