Спорт

«МАУГЛИДІҢ» ӨЗ МӘНЕРІ БАР

Қазақта «Күш атасын танымайды» деген нақыл бар. Осы қанатты сөз қаршадай қызымыз дзюдо күресінен бірнеше Республикалық жарыстардың жеңімпазы Сариева Әсия Аянқызына қаратып айтылғандай. Боралдай кенті, «Водник» ықшам ауданында тұратын Әсияны дзюдо жанкүйерлері «Маугли» лақап атымен таниды. Әсия Аянқызы небәрі он жаста бола тұра, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі атаулы жарыстардан биік белестерді бағындыруда. Спорттан хабары бар кез келген адам бұл оңай жолмен келмейтінін, оның артында төгілген маңдай тер, зор еңбек жатқанын түсінеді.
Әсияның бойындағы дара күшті алдымен әкесі байқапты. Сөйтіп, спортпен шұғылдануға кеңес береді. Әкесі Аян Сариевтің айтуынша дзюдо күресіне Әсия мен бірге әпкесі Айдананыда қоса береді. Өкінішке орай спорт болғанан кейін жарақатсыз болмайды ғой. Айдана кезекті жарыста жарақат алып өзінің жолын сіңілісі Әсияға береді. Қағілез, өте тиянақты Әсия қыз дзюдоны өте жақсы меңгеріп, «Водник» ықшам ауданындағы «Иппон» спорт клубының бас жаттықтырушысы Латиф Латиповтың үйреткен тактикаларын бойына сіңіріп алады.
Әр жаттығуға бар ынта-жігерімен кірісіп, әр әдісті шынайы құлшыныспен жасауға дағдыланды. Жеңістің тәтті дәмін татқан оны одан әрі тоқтату мүмкін болмады. Бірнеше қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Жақында ғана Қырғызстан республикасында өткен халықаралық дзюдо жарысында топ жарды.
Наурыз айының басында Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылындағы №37 орта мектепте өткен республикалық жарыста 32 салмақта Әсия «Маугли» Аянқызы алдына жан салмай алтынды қанжығасына байлады. Бір аптадан кейін Семей қаласында дзюдодан ашық республикалық турнир өтті. Аталған турнирге барлығы 400-ге жуық спортшы қатысып, тағыда алтын алқа тағынып, Іле ауданының атағын асқақтатып келді. Әсия қызымыздың бұл жетістігін спорт мамандары өте жоғары бағалап отыр.
«Болар бала жасынан» демекші, жасындай жарқыраған Әсия «Маугли» Аянқызы болашағынан «Қазағымның атағын асқақтатады» деген дәмеміз болғандықтан, еріксіз қолымызға қалам алуымызға тура келді.
Әкесі Аян Сариев Жамбыл ауданы, Жамбыл мүзей ауылының тумасы: «Мен Әсия мен Айдананың жаттықтырушылары Ескендір Мұсаұлына, Латиф Латиповқа шынайы алғысымды білдіремін. Болашақта осы «Иппон» спорт клубынан әлемдік аренада атой салатын спортшылар шыға берсін деп тілеймін» — деп ағынан жарылып отыр.
Гүлге де жасынан қамқорлық жасап, гүлдеуіне мүмкіндік берсек, ерекше сұлу өсімдік болып шыға келеді. Сол сияқты, бүлдіршін қызымыздың бейімділігін бағалап, одан әрі дамытса, есейе келе биіктерден бой көрсетеді деген сенімдеміз.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

ДВИЖЕНИЕ – ЭТО РАДОСТЬ ВСЕГДА СЛЕДОВАТЬ ЭТОЙ ПОГОВОРКЕ СОВЕТУЕТ ХОРЕОГРАФ АЙГУЛЬ НАРЕГЕЕВА

Алдыңғы ақпарат

Сенаторы посетили город Текели

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *