Білім және ғылымҚоғам

Мансап бала кезден басталады!

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) басты идеясы күллі қазақстандықтар үшін білім алуды мейілінше қолжетімді ету. Мемлекет өз тарапынан бізге балаларымыздың болашақта білім алуына алдын ала қаражат жинақтауға керемет жағдай жасады және бүгінде көптеген адам осы мүмкіндікті  пайдалана бастады.

Бүгінде бағдарлама идеяны «AQYL»деп аталатын нақты брендке, тұжырымдамаға, фирмалық стильге айналдырып отыр. Адамның ой-өрісі, жоғары құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білімі, «өмір бойы» үздіксіз білім алуы қоғамның оны қабылдауына ең маңызды шарттар болатын жағдайда өмір сүретін балаларымыз үшін тілейтініміз осы – ақыл — парасат, ақыл-ой, білімділік емес пе?

«AQYL»-дың басты көздегені де міне осы – болашақта білім алудың әрбір қазақстандыққа қолжетімділігі! Өз сөзінде, ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов былай дейді: «Егер ата-аналар оқуға қаражатты мақсатты түрде және алдын ала жинақтайтын болса, болашақта қалаған білімін алатын балалар қатары артатын болады. МБЖЖ өзінің өміршеңдігін толыққанды көрсете білді – ол бойынша депозит ашқан отандастарымыз балаларының болашақта білім алуын инвестициялайды!»

Осы жүйе бойынша кез келген адам өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда не шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алу үшін оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Білім беру депозитіне банктен пайыздар, оған қоса жыл сайын 5% немесе әлеуметтік әлсіз санаттағылар үшін  7% Мемлекет сыйлықақысы үстемеленеді.

Есептеу мысалы (теңгемен):

Айсайынғыжарна

(міндеттіемес)

10 жылғабарлығы
3000 872.000
7000 1.989.000
10.000 2.826.000

Есептеулерге сәйкес, ай сайын осындай білім беру салымдарына 10 мың теңгеден салып отырса, 10 жылдың ішінде 2,8 млн.теңгеден астам қаражат жинақтауға болады.Оның ішінде салынған қаражат үлесі 1.198.000 теңге, ал мемлекеттік сыйлықақысы мен банктің сыйақысы– 1.628.000 теңге.

МБЖЖ-ның артықшылықтары көп, ол барлық қазақстандықтарға басты байлығымыз – балаларымыздың болашағына деген сенімділікті қалыптастыруға көмектесуге бағытталған және олардың алдында лайықты білім алуға жол ашады.  Табыстылықтың берік іргетасы ертең емес, бүгін, қазір қаланады. Әрине, барлығын алдын ала қарастырып қою және жоспарлау мүмкін емес, әйтсе де қолымыздан келгенді істеуге тырысып көру керек!

 

«AQYL» БІЛІМ БЕРУ ДЕПОЗИТІН АШЫҢЫЗ – БАЛАҢЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҢЫЗ!

 

0

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Алдыңғы ақпарат

МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *