ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, өседі, көреді, өнеді,тәрбиеленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар еліктегіш болып келеді. Мамандық таңдау да келелі мәселе. Мектепті енді бітіргелі тұрған жастардың көбі қай мамандықты таңдайтынын білмейді. Осы заманда қай мамандық сұранысқа ие, қай сала болашақта қарқынды дамиды, қандай бағытқа икемделген жөн соны таныстыру. ХХІ ғасырдың талаптарына сай мамандықтардың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында сонымен қатар Жастар жылы аясында мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін әр салада еңбек етіп жүрген аға буын өкілдері мен кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен кездестіріп, ой бөлісу, пікір алмасу мақсатында Іле аудандық кітапханасының коворкинг орталығында «Мамандық таңдау – маңызды іс» атты тақырыпта кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Мұқағали» ЖШС директоры, журналист Жақыпжан Нұрғожаев, Энергетический ауылдық округінің Ардагерлер қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары, ұстаз М.Сейдалиев, Күрті су қоймасының бастығы, инженер-гидротехник Н.Мырзатілеуов, Іле аудандық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Л.Жұмаділдаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінің 1-курс студенттері Д. Кенжебек, Н.Маликұлы, Б.Әбдуалы және № 7 орта мектеп пен №38 мектеп гимназиясының 8-9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында қонақтар өз мамандықтарының қыр-сырларымен бөлісіп, ал оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, көңілдеріндегі сұрақтарына жауап алды.

Ж. АЗИМХАНОВА,
әдістеме бөлімінің кітапханашысы

0

КАЧЕСТВО И БЕЗОПАСНОСТЬ МОЛОКА НА ПЕРВОМ МЕСТЕ

Алдыңғы ақпарат

ТАРИХТЫ ТАНУ — ЕЛДІ ТАНУ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *