Без рубрики

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

 Президент пәрмені: жұмыспен  қамту  жол картасы

Аса қатерлі індет коронавирусты жеңу мақсатында  ел ордасынан бастап, көптеген ірі қалаларға, елді мекендерге карантин орнатылып, қарым-қатынастың тоқтатылғаны баршамызға мәлім. Оның ішінде біздің аудан елді мекендерінің де қақпасы тарс жабылды. Соған қарамастан жыл басында  бекітілген  жұмыспен  қамту  жол картасы бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маңызы бар  нысандардың  құрылысы тоқталымады.   Айтар болсақ, бүгінде  құрылыс, жөндеу, мекендерді көріктендірі мақсатында құны 17473,0 миллион теңге болатын 89 инфрақұрылымдық жоба әзірленіп,  4368  жаңа жұмысшы орнын ашу  көзделінуде.  Білім беру саласында  жалпы құны 14419,5 теңге  болатын  14 жоба жүзеге асырылып, жаңа 3605 жұмысшы орны ашылады. Қазірдің өзінде құны 13500 миллион теңге болатын 3 мектептің құрылысы басталfды.    1500 орынға арналған бұл мектептер Боралдай кентінде, Междуреченск ,  Көкқайнар ауылдарында салынады.. Сонымен қатар  720,1 миллион теңгеге № 11 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілмек.147,4  миллион теңгеге  № 3 орта мектептің шатыры, 32,0 миллион теңгеге 8 мектептің дәретханасы жөнделіп, 20,0 миллион теңгеге Еңбек ауылындағы № 33 орта мектептің қоршауына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілмек.

 Денсаулық с ақтау саласына келетін болсақ,  құны 368,8 миллион теңге болатын Тілендиев ауылында дәрігерлік амбулатория салынады. Мұнда 92 жұмысшы еңбек етеді.

  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құны 1308 миллион теңге болатын 17 жоба жүзеге асырылып, 327 жаңа жұмысшы орны ашылады. Мұның ішінде   393,2 миллин теңгеге елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және су құбырларын тарту жөніндегі 8 жоба, құны 570,0 миллион теңгеге  елді мекенді көріктендіру жөніндегі 4 жоба, , құны 345,4 миллион теңгелік елді мекендерді жарықпен қамтамасыз ету жөніндегі 5 жоба жүзеге асырылмақ.

 Автокөлік жолдарын жөндеу және автобекеттер орнату жөніндегі құны 1303,3 миллион теңге болатын 56 жоба іске асырылып,326 жаңа жұмысшы орны құрылады. Атап айтсақ ,979,5 миллион теңгеге 15 ауылдың көшесіне орташа жөндеу жұмысын  жүргізу мақсатында 27 жоба,  19 көшені ағымдағы жөндеуден өткізу үшін  құны 323,5 миллион болатын 29  жоба жүзеге асырылмақ.

   Спорт саласында құны 73,0 миллион теңге болатын балалар мен жасөспірімдер мектебі мен  стадионға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп,  18 адам жұмыспен қамтылмақ.

       Алматы сияқты аса ірі мегаполюстің дәл іргесінде тұрған Іле ауданы облыстағы ең алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі. Өнеркәсібі мен өндірісі, егін шаруашылы мен мал шаруашылығы қатар дамып, республиканың, облыстың экономикасына сүбелі үлес қосып келе жатқан ауданымызда еселі еңбек қарқыны тоқтаған емес, тоқтамайды да.

                                                                    Г.ЕСТЕУСІЗОВА,

                   Аудандық экономика комитетінің төрайымы

0

Қазақстанның орнықтылық қоры өз облигацияларын ұстаушыларға 108,5 млрд теңге төледі

Алдыңғы ақпарат

Өртенбесін орманың,орман сенің қорғаның.

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *