Рухани жаңғыру

МАҚСАТ МҮДДЕМІЗ ОРТАҚ

Ең алдымен біз «жаңару» мен «жаңғыру» деген ұғымдардың өзін дұрыс түсініп алуымыз керек. Жаңғыру дегеніміз түлеу деген сөз, «ренессанс», «возрождение». Ал, модернизация – жаңару. Осы сөздерді орынды қолданбай жүрген сияқтымыз. Өйткені, Елбасы мақаласында сананы жаңарту, заманға бейімделу жайында айтылды. Яғни, менің ойымша, жоқ нәрсені жаса деп отырған жоқ, бұрыннан барды заманға лайықтап жаңарту керек. Философ та осындай терминдерді түсіндіріп бергені жөн болар еді.
Елбасы оның да жолын көрсетіп берді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тарихы туралы интерактивті карта жасауды тапсырды. Енді, оны жүзеге асыратын мекемелер қазақ халқының мемлекет болған кезеңдерін сонау Түркі қағанатынан бастап, Шыңғысхан заманы, одан бергі Қазақ хандығына дейін шолу жасай келіп, империяның қол астына қалай түскенін, қалай мемлекеттілігін жоғалтқанын айқын көрсетуге мән беруі қажет. Тәуелсіздікті қалай алдық, неден ұтылдық, қандай жетістікке жеттік дегенді көрсетсе, бұл жай сөзден гөрі, әлдеқайда жақсы тәрбие береді, санамызды жаңартады да, жаңғыртады да. Сонда, біз бүгінгі үрдістерді дұрыс түсінетін, бағалай білетін, болашағына дұрыс көзқараспен қарайтын ұрпақ тәрбиелейміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ұлттық мүдде мен прагматистік көзқарас тұрғысынан қарау оң бағыт-бағдаралуымызға мүмкіндік береді. Сананы жаңғырту бүкіл қазақстандықтарға ортақ мақсат-мүдде екенін түсінуіміз керек. Сонда ғана бірлігі бекем, Мәңгілік Қазақстанды құруға болады. Қазіргі жаһандануға жұтылып кетпеудің амалы да ұлттық мүддеге бекем болу, ұлттық үрдістерді жоғалтпау. Бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру керек дейміз, ол үшін жердің иесін қалыптастыру керек. Халық өзінің ұлттық, дәстүрлі экономикасын жаңғыртқанда ғана жердің иесі сезінеді. Ол үшін құлық керек, қолдау керек. Ата-баба кәсібіне көшуге жағдай жасалса, мал басы да өседі, дәстүр де жаңаша дамитын болады.

С. НҰРҒИСАЕВА,
№3 орта мектептің директоры,
Аудандық мәслихат депутаты

0

QASYM-JOMART TOQAEVTY PREZIDENT SAILAÝYNA KANDIDAT ETІP USYNDY

Алдыңғы ақпарат

РЕСЕЙДІҢ ТӨРІНДЕ АЛТЫН АЛДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *