ЖаңалықтарҚоғам

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

«Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз». Бұл мағынасы терең, ойға түйерлік мәні зор сөздердің авторы – атақты дана Альберт Эйнштейн. Осындай керемет сөздерге мен де толықтай келісемін. Неге? Біріншіден, менің де ойымша, кез келген адам баласының жетістікке жетудегі алғашқы қадамы – мақсат. Ал екіншіден, бұл сөздердің авторы бүкіл әлем бас иетіндей өте дарынды тұлға және ол жетістіктерге жету жолында осындай ой түйген, яғни мұндай сөздер тәжірибе арқылы айтылған.

«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дегендей, әрбір адам баласы дүниеге келген соң, міндетті түрде армандайды, қиялдайды. Сол арманның орындалуы үшін әркім әрқалай жұмыс істейді. «Армандар орындалады, мақсатың айқын болса». Міне, яғни кез келген арманның орындалуы үшін, біз ең бірінші мақсатымызды айқындауымыз керек деген сөз. Барлық өмірге деген көзқарасы түзу жандар мақсатын айқындап, соған жету жолдарын қарастырады, болашаққа талпынады және сенеді.

Қазіргі уақытта жас болсам да өзгелерге айтар кеңесім, қандай да жетістікке жеткіңіз келсе, біріншіден еңбектеніңіз, еңбек ешкімді мұқалтқан емес. Екіншіден, Алладан сұраңыз. Алла барлығымызды қолдайды, бастысы – сенім. Егер де барлығымызда осы екеуі болса, ол міндетті түрде өз жемісін береді.

Менің ойымша, мақсатты айқындап қана қою аздық етеді. Айқындалған мақсатқа не де болса, еш қиындықтан қорықпай, тайсалмай, жан-жақты шыңдала жүріп, сол мақсатқа жетіп, нәтижесін шығару керек. Менің алдағы мақсатым – журналист болу. Журналист болу арқылы мен тек шындықты жақтап, еліме өз көмегімді тигізіп, әділдікті жеңіске жеткізгім келеді. Білемін, журналист – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Ал мен ол жауапкершілікті өз мойныма алуға дайынмын! Мен еліме, жас ұрпаққа тек жақсылықты дәріптегім келеді, менің де болашаққа пайдам тигенін қалаймын. Бұл ойдың барлығы бұрынғыдай балалықтың лебімен айтылған сөздер мен армандар емес, бұның барлығы жаңа өмірге қадам басуға дайын, өзіне сенімді, салмақты ойлауға дағдылана бастаған жас журналистің ойы!

Алтынай ТОҚТАСЫНОВА, №29 орта мектеп, абитурент

0

СОПРИКАСАЯСЬ С ИСТОРИЕЙ

Алдыңғы ақпарат

ЕЛДАНА, ЕЛІН ТАҒЫ ДА ҚУАНТТЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *