ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

М.ТҮЙМЕБАЕВ АУЫЛДА «АНА — ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

7 наурыз күні Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылы № 20 орта мектептің мәжіліс залында округтегі көпбалалы аналар, зейнеткер ұстаздар, медицина қызметкерлері, зейнеткерлер, аналар кеңесінің мүшелері, округте орналасқан мектеп мұғалімдері мен дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің қатысуымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана тіршіліктің тірегі » атты мерекелік іс-шара өтті.
Алғашқы құттықтау сөз округ әкімі С.И.Күзембаевқа беріліп, аналарымызды мерекесімен құттықтап, аналарға гүл шоқтарымен сыйлықтарды табыс етті.


Округіміздің аналарын Іле аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Іле ауданының құрметті азаматтары К.Қасымбеков, Ж.Есенқұлов, Ж.Бейсенбаев, құттықтап сөз сөйледі. Салтанатты жиналыстың келесі бөлімі округіміздің көркемөнерпаздары № 4 орта мектеп ұжымының арнайы дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, жиналған қауым концертті тамашалады. Мерекелік іс-шараға барлығы 180 адам қатысты.
Мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде өткізген № 4 орта мектептің ұжымына алғыс білдіреміз.
2018 жылдың 7 наурызы күні округ әкімі аппаратының мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер округіміздегі жалғыз басты аналар және денсаулығына байланысты келе алмаған барлығы 30 аналарымыздың үйіне барып, сыйлықтармен гүл шоқтарын табыс етті.

0

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Алдыңғы ақпарат

АСТАНА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *