МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Іле ауданы Боралдай кентінің аудандық ауруханасында Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру енгізу туралы заңы бойынша тұрғылықты тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар екенін халыққа дұрыс түсіндіру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарға ең алдымен тұрғылықты жеріңіз бойынша ыңғайлы емханаға тіркелу қажет. Ол жерде азамат өзіне керекті медициналық көмек алып, учаскелік дәрігерді үйіне шақыра алатыны, тіркелуді емханада және egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде жасауға болатынын, сонымен қосымша тұрғындар МӘМС шеңберінде белгіленген категория бойынша қандай категорияға

жататындарын анықтап жеңілдік категориясы, жұмысышы, жеке кәсіпкер немесе тұрғындардың белсенді емес өкілі, осыған қарап сақтандыру бойынша өз статусыңызды электронды үкімет порталы арқылы тексеруге тұрғындар шақырылуда, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл реформаның халыққа ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмекке барлық халықтың қолжетімділігінің сақтау болып табылатыны түсіндірілді. Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі өсімін көрудеміз. Кез келген мемлекет азаматы жұмыссыз емес. Осыған орай аурухана қызметкерлері тұрғындарға әрбір азамат (азаматша) өзінің жарнасын аудара отырып, емханаға қаралу және жатып емделу мүмкіндігіне төлейтінін, осыған орай жүйеге қатысушыларға МӘМС жүйесінде белгілеген жарнадан артық, қосымша төлемдерді төлемейтіні туралы әр бағдарлама жекелей түсіндіріліп қосымша ақпараттар таратылды. Жергілікті тұрғындарға сақтандыру медицинасының дамуымен бірге, медициналық көмек үшін бейресми төлемдерді жасау өзектілігін жоғалтады. Медицина қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінде, пациентке қаржылық және басқа да бопсалаушылық әрекеттерін болдырмау, осындай іс-әрекеттердің болмайтыны МӘМС жүйесінде үлкен орын алатыны да түсіндірілуде. Күнделікті жалпы учаскелік дәрігерлік бөлімі тұрғындарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының медицина сапасын жоғарлатуға мүмкіндік беретінін түсіндіруде, қажетінше барлық жұмыстар жүргізілуде. Тұрғылықты тұрғындарды жергілікті мекен-жайы бойынша өз емхансына тіркеліп, сапалы ем алуға шақырамыз.

Мекен жайымыз: «Водник» ықшам ауданы К.Әзербаев көшесі №1. Боралдай аудандық ауруханасы.

Жадыра МУСАЕВА,

Боралдай аудандық ауруханасының психологы

0

БРОНЗА НА ВЕС ЗОЛОТА!

Алдыңғы ақпарат

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *