ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелер

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Ұлыстың ұлы күніне орай Қараой ауылдық округінде Наурыз мерекесі аталып өтті. 22 наурыз күні Мәдениет үйі алдында №18 орта мектебі, «Балапан» балабақшасы, кәсіпкерлер, Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, ауыл тұрғындарының, күрт ұлттарының киіз үйлері орнатылды, әкім аппараты шатыр орнатып, сағат 10:00 де салтанатты мерекелік митинг өтті.
Мерекеге жиналған тұрғындарды Аудандық маслихат депутаты Е. Тұрымбетов, Іле ауданының қоғамдық кеңес мүшесі В. Поротиков, ардагерлер кеңесінің төрайымы В. Мұхамеджанова, Қараой ауылының имамы Сүлеймен ақсақал Наурыз мерекесімен құттықтады. Мейрам округтердегі барлық шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен әкімшіліктің ұйымдастырылуымен өткізілді .
Әкімшілік тарапынан екі қазан күріш басылып, мекеме басшылары қайырымдылық дастархан жайып Наурыз көже тегін таратылды. Мерекеге әр ұлт өкілдері қатысып, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, үстел жайып жиналған қауымға дәм татқызды.
Орталық сахнада Мәдениет үйінің ұжымы мен оқушылар, мұғалімдер мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Осы мерекеде күрес, арқан тарту ұйымдастырылып спорттық ойынға қатысқандарға бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді.

0

ИСТОКИ МАЛОЙ РОДИНЫ

Алдыңғы ақпарат

Мал шаруашылығы – маңызды сала

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *