ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Боралдай кентінде жоғары деңгейде тойланды.

Жыл басы Наурыз мейрамына орай кентте 8 киіз үй тігіліп, кенттің көркем өнерпаздары əннен шашу шашып, бишілер биімен тарту жасады. Театрландырылған қойылымда наурыз бен көктем қосылып, бәйшешектер гүлденіп, әжелер шашу шашып, балалардан бастап ақсақалдарымызға дейін ән салып, би билеп дүбірлі той жасады.
Водник ықшам ауданындағы мемориалды саябақта өткен наурыз мейрамында барлық тұрғындар наурыз көжеден ауыз түйіп, ақтан дəм татты. Кент əкімі М.Салимбаев тұрғындарды наурыз мейрамымен құттықтап, наурыздан наурызға аман-есен жете берейік, ел аман, жұрт тыныш болсын деп ақ тілегін жеткізді. ҰОС ардагері Қ.Аяшев ақсақал наурызға арнаған өлеңін оқып, боралдайлықтарға ақ батасын берді.

Наурыз мейрамында ерекше мәнге ие болатын ұлттық ойындар ойнатылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Асық атып, арқан тартып, қазақша күресте күш сынасып, шахмат пен тоғызқұмалақ ойнап жеңіске жеткен барлық жеңімпаздарға кент əкімінің мадақтамасы мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Наурыз мейрамына кент тұрғындары мен қонақтары, ҰОС ардагерлері мен батыр аналар, құрметті азаматтар, аудандық мəслихат депутаттары қатысты.

Ж.Бұзауқызы
Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы

 

0

БОРАЛДАЙ КЕНТІНДЕГІ АВИАЦИЯЛЫҚ 2177 ƏСКЕРИ БӨЛІМІНЕ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

Алдыңғы ақпарат

ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *