ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамМерекелерСпорт

ҰЛЫС КҮНІ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Көктемнің керемет мерекесі әз-Наурызда Өтеген батыр ауылында орналасқан орталық стадионда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, «Қазақ күресі», «Гір тасын көтеру», «Арқан тарту», «Қой көтеру», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» спорт түрлерінен аудандық жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін атап өту, ұлттық спорт ойындарын дамытып жетілдіру, қатысушылар арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы халықты спортқа тарту.
Аталған жарысқа 150-ге жуық спортшылар қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша қазақ күресінен І-орынға Темирхан Алибеков, ІІ-орынға Алмат Ғалымов, ІІІ-орынға Нұрсултан Сабуровтар ие болды.
Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар мақтау қағаздарымен, медальдарымен, кубоктарымен және бағалы сыйлықтаырмен марапатталды.

Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,
Іле ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімінің бас маманы

0

БАҚ ПЕН ШАТТЫҚ КӨЛ-КӨСІР

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысының 49 Ұлттық бюро қызметкеріне жаңа баспананың кілті табысталды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *