ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВРухани жаңғыру

ҰЛЫҢ ӨСІП ЕР ЖЕТЕР, ҚЫЗЫҢ ӨСІП БОЙ ЖЕТЕР

Қазақстанның халық ақыны,әнші-композитор, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Өнер қайраткері, Кенен Әзірбаевтың қызы, Қазақстан Республикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, Іле ауданының «Құрметті азаматы», ұлағатты ұстаз, әке жолын қуған әнші, ән мұрагері, өмірі өнегеге толы ақжаулықты ана Төрткен Кененқызымен №46 орта мектепте «Ұлың өсіп ер жетер, қызың өсіп бой жетер» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешке аудандық кітапхананың директоры Мейрамкүл Жабиева мен Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты, заңгер Мейрамбек Дүйсенбиев қатысты. Мектеп директоры Сұлтан Жарқынбеков кештің мағыналы да мазмұнды етіп өтуіне атсалысып, кеш тізгінін өз қолына алды. Бұл кештің маңыздылығы болашақ жастарға тәлім-тәрбие беріп, ақжаулықты аналар мен ағаларынан тәрбиелік маңызы бар ғибратты әңгімелер тыңдау. «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» — деп Елбасымыз айтқандай, ауданымыздағы дара, талантты тұлғалар жетерлік. Соның бірі де бірегейі – Төрткен Кененқызы десек артық айтпаспыз. Төрткен апаның әңгімесін тыңдаған жас бүлдіршіндер сал-серілердің соңы атанған Кенен атамыздың шығармашылығы, ән мұрасының таратылуы жайлы және өзінің өмірдегі жолын сырлы сұхбат ретінде әңгімелеп берді. Мағыналы кеште ұл-қыздарымызға аналық, ағалық сырларын айтқан Мейрамкүл Жабиева мен Мейрамбек Дүйсенбиев «Әке үйiнiң босағасындағы салтанатты дәурендi қанша қимағанымен, қыз бала есейген сайын туып-өскен ұясына сыймайды. Жаз қызығын қимай, күз келгенде ерiксiз жылы жаққа ұшып кететiн құс секiлдi қыздың да ата-анасы үйiндегi «өмiрi» қысқа, мезгiлi келгенде өзiнiң шын үйi болатынын, өзге босағаны аттайтындығы талас тудырмайтын шындық екендiгi рас. «Қызымның мiнезi үйде, қылығы түзде», «Қызың өссе, қызы жақсымен көршi бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен көршi бол», атты мақалдарды ортаға салып, мазмұнын қыздарға айтқызып, жақсыдан үлгi алып, жаманнан жирену қажеттiлiгi жайында жан-жақты айтып, қыздарға ана болу және де өнегелi ана болу табиғаттың асыл қасиеттерiнiң бiрi екендiгiн айтты. Сонымен қатар, заң аясында ұрлық-қарлыққа бармау, оның салдары жайында да ұғынықты етіп жеткізді. Қызға болашақ келiн, ана болу үлкен сын. Оған үйде, яғни өз үйiндегi көп iстi анасынан үйрену керек. Бiрiншiден, тазалықты, үйдi қалай таза ұстауы керектiгiн, екiншiден, сөгiлген жердi көмкерiп тiгу, ас мәзiрiн әзiрлеу тағы басқа анаға тән жұмыстарды үйрене бiлгенi жөн екендiгi шара барысында баса айтылды». Мағыналы сырласуға толы, кеш соңында мектеп өнерпаздары өнерлерін көрсетті. Мектеп ұжымы мен басшысы ақ жаулықты аналарға орамал жауып, сый құрмет көрсетті.

Нұргүл САБАҚАНОВА

0

БАҚУАТТЫ ҚОҒАМДА – БЕЛСЕНДІ БОЛА БІЛЕЙІК!

Алдыңғы ақпарат

ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *