Без рубрики

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған күллі түркі
жұртының бас ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің
1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы мемлекеттік деңгейдетойланатын болады. Сондай-ақ, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
халқымыздың тарихтан тағылым алып, ұлы бабаларымызды әрдайым ұлықтай білгенін айтып, мұралары «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Абай мен әл-Фарабидің
мерейтойының маңыздылығы туралы айта келіп: «Біз үшін бұл мерейтойлардың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, жоғары деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы
тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Үкіметке қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын», — деді. Мектептерде оқыту үдерісінде пәндерді оқытуда ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тақырыптармен байланыстыра білсек дұрыс болар еді… Қазіргі күні ауданымыздағы мектептерде мерейтойларға байланысты әртүрлі тақырыпта мазмұнды іс-шаралар белсенділікпен ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуіне ұстаздар қауымы жұмыла атсалысуда. әл-Фараби антикалық мұраны игеріп, оны араб-мұсылман мәдениетінің гүлденуіне жұмсап, үлкен екі жаңалық ашқан ғалым. Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Келесі кезекте ол грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп, шығыста үлкен қозғалыс, жаңа бағыттар
басталды. Араб-мұсылман мәдениеті негізінде антикалық дәуірдегі шешілмеген мәселелерді шешіп, оны ілгері дамытты. Барлығымызға мәлім, әл-Фараби өмір сүрген уақыт ерекше кезең ретінде аталады.
Отырар өлкесінде әл-Фарабиге дейін ойшылдар өте көп болса, оның өз заманында да ғұламалар аз болмаған. Ол жастайынан туған өлкесінде білім алып, Отырар кітапханасында отырып, шаң басқан
қолжазбаларды ақтарып, көз майын тауысып, талмай кітап оқып, оқу-білімге ерте құмартқан. Отырар кітапханасына алыс-жақын елдерден керуенмен сан түрлі кітаптар ағылып келіп жататын. әл-Фараби өмір сүрген IX-X ғасырларда Отырар өркениетінде рухани мұра жоғары бағаланған. Араб-Мысыр әлемінде Александрия кітапханасының шоқтығы биік. Одан кейінгі орынды Отырар кітапханасы иеленген. Сол кітапханадан әл-Фараби жиырма жасқа
дейін тәлім-тәрбие алып, ондағы бар кітаптарды, трактаттарды оқып, зерттеген. Одан кейін білімін толықтыру үшін керуенге ілесіп, араб еліне аттанады. Бағдад, Дамаск сынды өркениеті дамыған ірі шаһарларда болып, артында ғылыми-зерттеу еңбектерін
қалдырған. әл-Фарабидің дүниетанымына келетін болсақ, кеңестік дәуірде оны маркстік-лениндік, атеистік дүниетанымға алып келді. Бірақ шын мәнінде әл-Фараби ислам руханиятындағы айтулы тұлға
болған. Ол – әлем мойындаған философ, Платон мен Аристотельдің еңбектерін шығыс, араб-мұсылман әлеміне таратқан үлкен ғұлама. Екіншіден, әл-Фараби – үлкен ғалым. Оның философиялық көзқарасы өте күрделі. Қазақ даласында оған дейін де ғұлама ойшылдар көп болған. Мысалы, гректерді өнерімен тәнті еткен, аузымен құс тістеген шешен Анахарсистің өзі бір төбе болса, Тоқсары, Тоныкөк,
қобызымен кең дүниені күңіренткен Қорқыт Ата
және басқа да ойшыл данышпандар болған. Осының бәрі – ғұлама ғалымның бастау алған қайнар көздері. Әл-Фарабидің ашқан ең үлкен жаңалығы – антикалық мұра мен исламды біріктіре мәдениет жасауында. Сондықтан әл-Фарабидің қайнар көздерін айтқанда міндетті түрде тек шығыс пен батыс, гректің ғана емес, оның қазақтың құнарлы топырағынан түлеп ұшып, Отырар өркениетінен нәр алғанын ұмытпауымыз керек. Ғалым араб елінде
аты шығып, «Шығыстың Аристотелі» атанып, артында мол мұра қалдырған. Сөйтіп сексен жасқа келгенде өмірмен қоштасады. Ол: «Мен Қыпшақ елінен ешқандай атақ-даңқ іздеп келген жоқпын. Мен білім іздеп келдім, сол білімді араб елінен таптым, бірақ менің Қыпшақ еліне сүйіспеншілігім шексіз», — деп өзінің туған жерге деген сағынышын өлеңге түсірген. Ол керемет әнші болып, қобызда да ойнаған. Қобыз аспабын жасап, күй тартқан Қорқыт Ата дейміз. Шын
мәнінде Қорқыт Атадан кейін әл-Фараби де қобызды дамытып, оның құлағында ойнаған күйші, ойшыл, көп тілде сөйлеген ғұлама адам болған. Ол – қазақ өркениетінің, музыка философиясының негізін қалаған, күллі түркі дүниесіне ортақ тұлға. әл-Фараби мұрасы түркі халықтарын біріктіретін рухани негіз деп айтуға болады. Қазіргі уақытта әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген.

Нұргүл САБАҚАНОВА

0

Алматы облысының аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары 20 отбасыға көмек көрсетті.

Алдыңғы ақпарат

15 000 КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *