Бас мақалаБес әлеуметтік бастамаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВЖаңалықтарМерекелерРухани жаңғыру

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірменді Іле ауданынының тұрғындары және аудан қонақтары!
Сіздерді көктемнің ғажап тойы, тоқшылық пен молшылықтың басы наурыз айының тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлы дала төсіндегі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын ниетіммен құттықтағым келіп отыр!
Ақ түйенің қарны жарылатын әз-Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын сонау тарих қойнауынан тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мейрам. Бұл күн – жер-дүниенің бусанып, Самарқанның көк тасы жібіп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін күн.
Наурыз – мейірімділік, қайырымдылық мерекесі. Өйткені атамыз қазақ білек біріктіріп, бір-біріне қол ұшын беру арқылы басынан өткен қиыншылықтарды жеңіп отырған. Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.
Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені Іле ауданының тұрғындары да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр.
Өкінішке орай, әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетінің әсерінен төл мерекемізді толыққанды атап өтуге мүмкіндік болмай отыр! Президентіміз Қ. Тоқаевтың Үндеуінен кейін елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі аралықта төтенше жағдай орын алғандықтан, кейінге шегерілді. Мен сіздерді осы аралықта ел болып бірігіп індетпен күресуге шақырамын! Отбасы, ошақ қасынан алыстамауларыңызды сұраймын!
Баршанызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін дегім келеді. Әз-Наурыз құтты болсын!

Б. ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық
филиалының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты жасаған телевизиялық ҮНДЕУІ

Алдыңғы ақпарат

САЛТЫМЫЗДА ҰҚСАСТЫҚ КӨП

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *