Қоғам

ҰЛЫ ДАЛА – БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

Бұл мереке Қазақстанда 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақ қашаннан да бауырмал халыққой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын берген, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, кәрістер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмаса да, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көпұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Сондай үлгілі отбасының анасы «Қазақстандағы ұйғырлардың Республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалының жетекшісі Бакиева Мехриса Әбдірахманқызы. Ол өз сөзінде: «Біздің Қазақстанымызда көпұлттың өкілдері тұрады. Мен ұйғыр мәдениетінің төрайымымын. Бұл бірлестік 2003 жылдан бастап жұмыс жасайды. Әр жылы съезге Астана қаласына барып, атқарылып жатқан жұмыстарымыз жайында, ауданымызда халық қалай тұрып жатыр сол жайында мағлұмат беріп қайтамыз. «Бірлік бар жерде тірлік бар, тірлік бар жерде береке бар, сол үшін халқымызға тыныштық тілеймін, бірлік, береке тілеймін. Ұйғыр мәдениеті бірлестігі жұмыс істеп жатқанымызға 16 жылдың жүзі болды, ауданда 11 округ бар, сол округтерде барша ұлт өкілдері жұмыс жасайды. Біз өз Отанымыз, еліміз үшін әрқашан жұмыс істеуден жалықпаймыз. Барлығымыз қанымыз, дініміз бір болғандықтан, түркі тілдес халықтар бір-бірімізді бөле жара қарамауымыз керек. Қайда жүрсек те көпұлтты қазақстанның азаматтары екендігімізді дәлелдеп, өз еліміз, жеріміздің көркеюіне атсалысудан ешқашан қашпаймыз. Біз өз отбасымызда 8 ағайындымыз, сол ағайындардың алған келіндеріміз, күйеу балаларымыз әрұлттың өкілдерінен құралған. Сондықтан отбасымыздың өзі көпұлтты десем қателеспеймін. Сондықтан еліме, жұртыма тыныштық берсін, бірлігіміз ажырамасын деймін. Өз ата-анамыз 1873 жылдары Ұйғыр ауданына қоныс аударып Түркиядан келген екен. Ал өзім осы мемлекетте туып өскендіктен қаным да жаным да қазақ. 2013 жылы Меккеге барғанымызда, сол жерге Н. Назарбаев келді. Сондықтан да мен өзімді бақыттымын деп санаймын», – деп жүрекжарды тілегін білдіріп, өз ойын жеткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Дәл осы күні 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Нұргүл САБАҚАНОВА

0

ОТЧЕТ ИСПОЛНЕНИЯ МЕСТНОГО БЮДЖЕТА

Алдыңғы ақпарат

ОН В ДОРОГЕ, ОН В ПУТИ…

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *