ЖаңалықтарҚоғам

ҰЛТЫМЫЗДЫ ҰЙЫСУЫ –БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблеяның тарихы – бұл біздің тұрақтылығымыздың тарихы» деген болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының мiндетi – халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiзiн қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту, сондай-ақ, қоғамдағы экстремизм мен радикализмнiң көрiнiстерi мен адамның құқығына, бостандығына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу.

Қазақстандағы этнос-аралық келісім мен бірлікке қызмет ететін институттың сессиясы жыл сайын өтіп тұрады. Биыл өздеріңізге мәлім 26-ы мәрте өткізіліп отырған сессияның тақырыбында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры», – деп аталған екен. Президент наурыз айында көтерген бес әлеуметтік бастаманың Ассамблея мінберінде талқылануының да өзіндік мәні бар. Өйткені, Ассамблея Елбасы бастамаларын қолдап, халыққа түсіндіріп қана қоймайды, Президент те өз кезегінде Ассамблеяның алдына міндеттер жүктейді. Сондықтан да сессияны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Бес бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстыра түсудің тағы бір қыры – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған. Оның табысты жүзеге асырылуы азаматтардың өз болашағына, мемлекетіне, қоғамына, қала берді бір-біріне деген сенімін арттырады». Түйіндей айтқанда, алдағы уақытта да Қазақстан бірлік пен ынтымақты, тұрақтылықты ту ете отырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолын жаңғырта түседі.

 

П. АРСМАЗЫ,

«МИР» әйелдер қоғамдық бірлестігінің

төрайымы

0

ДАМУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІК

Алдыңғы ақпарат

АСТАНА – АЛТЫ АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫСЫҢ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *