ЖаңалықтарҚоғамӨнеркәсіптік революция 4.0

ҰЛТТЫК ПРОГРЕСКЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

Бүгінде әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып, Елбасы нақты 10 міндетті атап көрсетті. Елбасы Жолдауының жетінші міндетінде «Адами капитал — жаңғыру негізінде» білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы — өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. Сонымен қатар оқушыларға берілетін тапсырмалардың азаюы, өңірлердегі оқушылардың базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D — принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар техно-парктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады деп айтуы біздің білім алушыларымызды қуантады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсаты мен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30%-ке көбейту біздер мұғалімдерді қуантады. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарының енгізілетіндігі мен 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылатыны болашақта 30 елдің қатарына енудің бастамасы деп білеміз. Осы орайда 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленіп, орыс тілді мектептер үшін

қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі де әзірленетіні құзіреттілікке жол ашады деп сенеміз. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатады. Оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсетіліп, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жолдауда айтылғандай тарихи құжатта адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиістігін, сонымен қатар ұлттық тіліміздің басымдылығын сақтауда аянбай еңбек етеміз. Ағылшын тілін меңгермей еліміздің жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынын, үкіметке үш тілді оқуға кезең- кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар тапсырды. Мемлекет басшысының білім беруде экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруы қажет екенін, алдымызда оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттап айтқаны құба-құп. Сондай-ақ, жас ұрпақты ғылыми- зерттеу саласы мен кәсіптік білім беру саласына аса зор көңіл бөлуді де атап айтты. Елбасымыз Н. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-мағынасына орай өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар Қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналатын білім алушыларды даярлауды міндеттеп отыр. Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз.

Р. ҚЫСТАУБАЕВА,

Іле аудандық әділет басқармасының басшысы, Заңгерлер одагының мүшесі

 

0

31 МАМЫР: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Алдыңғы ақпарат

ЗОР СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *