ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыруСпорт

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАУ

Өзге ұлттар сияқты қазақ халқының да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын түрлері бар.

Ұлттық ойындар халқымыздың ерекшелігіне қарай, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болған, сонымен қатар дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өтеген батыр ауылында Іле ауданы бойынша жасөспірімдер арасында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, бес тас, ләңгі тебуден аудандық іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа Боралдай кентінің жастары белсене қатысып, жүлделі орындарды иеле-ніп, Талдықорған қаласында 2-3 маусым аралы-ғында өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

Асық атудан Д.Серғазы І-орынды, ләңгі тебуден Д.Сагимбеков І-орынды, бес тастан А.Жарылқасын ІІ-орынды иеленді. Жасөспірімдердің жаттықтырушысы Боралдай кентінің №39 гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әмір Ахашовтың елеулі еңбегін ескеріп, Алматы облысында өскелең жас ұрпақ арасында спортты дамытуға және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқаны үшін, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Т. Чарапиевтың «Алғыс хатымен» марапатталған және өскелең жас ұрпақ арасында бұқаралық спортты насихаттап және салауатты өмір салтын қалыптастыруда қосқан зор үлесі үшін Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ. Ортыбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Ж. БЕКТҰРҒАНОВА,

Боралдай кенті әкім аппаратының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы

 

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы ақпарат

ТАҒЫ ДА МЕНИНГИТ ТУРАЛЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *