ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны Ілетану әлеміне саяхат

Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тарихи-мәдени мұраларын насихаттау. Оларды өзге мәдени мұралармен таныстыру, жат ағымдардан қорғау. Жетіген ауылы №34 орта мектепте «Ілетану курсын оқыту арқылы туған жер құндылықтарын меңгерту» тақырыбында  аудандық семинар өткізілді.

Семинарды мектеп директоры Абдуллаева Балия Жакенқызы ашып, семинар мақсатымен таныстырды: жас ұрпақты тарихи құндылықтарымен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге үйрету, өз өлкесі туралы білу керектігін айтты. Бұл семинар іс – шараның өскелең ұрпаққа берер тағылымы көп екенін атап, келген ұстаздарға сәттілік тіледі.

Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, тарихи мұраларымызды көз қарашығындай сақтап, болашаққа жеткізуге, жүректеріне рухани байлық ұялатуға біз міндетті екенімізді атап айтты.

Семинарда «№34 орта мектеп» МКМ – нің мұғалімі Кубеева Алия Махамбетқызы «Ілетану әлемінде – тарихи ескерткіштер» интеллектуалды ойыны, №32 орта мектеп мұғалімі Утегенова Галя Құттыбаевна «Іле ауданынан шыққан тұлғалар», №11орта мектеп  мұғалімі Ахметжанова Балғын «Ел қорғаған бабаларым» атты сабақтар Іле ауданы аумағында ескерткіштерімізді білуге дамыту, оқушылардың логикалық ойын дамыту, ілетану курсына қызығушылықтарын ояту. Мектебіміздің 9 «Ә» сыныптарының арасында биология пәні мұғалімі Кубеева Алия Махамбетқызы және мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Ілетану әлемінде тарихи ескерткіш» атты интелектуалдық ойын, дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9 сынып оқушылары Юсупов Диарбек, Құттыбаева Мевагул, Әбдімәлік Бектас, Даукен Жасұлан, Ермекбай Үсен, Сали Қайрат, Бауыржан Зере, Қанатқызы Аяулым, Құрсақбаева Мөлдір, Қуантхан Аяулым белсенділікпен ат салысты. Олар өз елінің патриот азаматтары екендігін көрсетті. Дөңгелек үстел мағынасы 9-раунд бөлімнен тұрды. Сиқырлы жәшік арқылы оқушылар сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Кері байланыс: оқушылар алған білімдерін, әсерін жазып, ойларын ортаға салды. Аудандық іс-шара өз мәресіне жетіп, келген қонақтар, мұғалімдер өз ойларын  алған әсерлерімен  бөлісті.

 

«№34 орта мектеп»МКМ ДТІЖО  С.Бердібекова

 

Алматы облысында қысқы маусымға дайындық пысықталды

Алдыңғы ақпарат

ЖАН ДҮНИЕҢ ЖАҢАРАДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *