Дін және қоғамЖаңалықтарҚоғам

ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Өтеген батыр кентіндегі «Өтеген батыр Сәбденұлы» мешітінде «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны үйреткендерің» деген хадиске амал ете отырып, қазақ батыры Өтеген батыр Сәбденұлының құрметіне аудандық Құран жарысы өтті. Аталған жарыс Құранды мәнерлеп оқу және жаттап оқу бойынша жарияланған болатын. Мәнерлеп оқу байқауына 70 аса Құран оқушысы қатысты. Тартысты өткен бұл шарада мәнерлеп оқу байқауынан 1-пара бойынша байсеркелік Ы. Нәжметдинов бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды боралдайлық Д, Абуханов, үшінші орынды Междуреченск ауылының жас өркені Мейрамбек Хожабай иеленді. Жарты пара байқауы бойынша Өтеген батыр кентінен Сұлтанәлі Сейтқазы жеңімпазы болды. ІІ-ші орынды Байсерке Ерқанат Кемал, ІІІ-орынды Ақылбек Қойчыбаев жеңіп алды. Ал, 15 параны жатқа оқығандардан І-орын Мариям Мухаммадин, ІІ-орын Фатима Мақсұт, ІІІ-орын Ибраһим Әлібайұлы иеленді.

Игілікті іс-шарада сөз алған ауданымыздың бас имамы М. Абсаматов «Осыған дейін біз жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Құран жарыстар өткізілген болатын. Жылда дәстүрлі түрде өтетін шарамыз. Олардың барлығы ауылдарымыздың мешітінде өтті. Алдағы уақыттада Құран жарысын өткізу жоспарымызда бар. Мұндай шаралар өскелең ұрпаққа зор пайдасын әкелетіні сөзсіз. Біздің түпкі мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, – деді.

Шүкіршілік, қазір дәл осы іске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл игі шара соның бірден-бір айғағы. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады. Сондықтан, бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

СЫРЛЫ КЕШТІҢ САРЫНЫ

Алдыңғы ақпарат

ИЛИЙЦЫ ПОКОРИЛИ САНКТ-ПЕТЕРБУРГ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *