ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ АПАРАТЫН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстандықтардың жүректерін бір дүрсілкіндіртіп, патриотизмді оятып, үлкен ой салып, жаңа бағдарламалардың туындауына жол ашылуына және олардың жүзеге асуына септік тигізген ерекше мақаласы жарық көрді.
Мақалада Елбасымыз біздің бұрынғы тарихымызға көз жүгіртіп, шыққан ата тегімізді, пайда болған кезеңіміз бен мәдени мұрамыздың кең таралуының септігінен, әлемде өз ерекшілігімізбен орын алып отырғанымызды айта келе, әлі де көптеген ашылмаған, толықтырылмаған мәдени құндылықтарымыз бар екенін айта кетті. Ескере отырсақ алдыңғы «Мәдени мұра» бағдарлмасының табысты іске асырылуына байланысты, осы кезекте жаңа жеті жылдық бағадарлама «Архив – 2025» жобасы ұсынылып, қолға алынды. Бұл жобаны жүзеге асырудың өзі жан-жақтағы тарихшылар, мәдениеттанушылар мен деректанушыларды біріктіріп отыр. Олардың ұзақ мерзімді іздеу-зерттеу жұмыстарының оң нәтижесінің үлкен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенім ұялатады. Елбасымыз айтқандай:«Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекеттік есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлы форматқа көшіру қажет. Яғни қазіргі заманауи талапқа сай қолжетімді цифрлық колжазбаларға көшіру әр азаматтың қазақ халқының тарихын білуі үшін қолжетімді ақпараттар ала алатын тиімді технологияға көшіру болып табылады
Бұл жобаны жүзеге асыруға жеті жылдың ішінде көптеген күрделі, маңызды жұмыстар күтіп отыр. Сол үшін біздің тарапымыздан архив қызметкерлері Елбасымызды қолдап, аяңбай еңбек етуімізге дайын екенімізді айтамыз. «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Іле филиалы Елбасымыздың мақаласын ой-пікір салу мақсатында Іле ауданының, Чапай ауылдық округі, аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Чапай ауылдық №10 орта мектептің тарихшылары мен ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысып, өзедірінің ой-пікірлерін айта келе, біртұтас жұмыла алған қойған жаңа жобалардың іске асуына белсенді атсалысуға шақырдық. Біздің тарих – ол біздің болашағымыз және өткеніміз. Тарихсыз ел болмайды.

М. БАЙДАВЛЕТОВА «Алматы облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Іле филиалының директоры

0

ЖАСАМПАЗ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЛА КЕЛСІН!

Алдыңғы ақпарат

ӨМІР СҮРУ САПАСЫН БІРГЕ АРТТЫРАМЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *