Бес әлеуметтік бастамаЖаңалықтарҚоғам

ҮЛКЕН ҚОЛДАУ ӘРІ КӨМЕК

Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Н. Назарбаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесін бәрінен де биік екенін көрсетті.

Біздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды назардан қалыс қалдырып көрген емес. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің өздері қаржы дағдарысына ұшырап, әлеуметтік салаға бөлінген бюджеттік қаржыны азайтып, кей жағдайда еңбек ақыларын төмендетіп жатқанда біздің ел жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдем, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп отырды.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының ендігі бір маңыздысы, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесі келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап 10 есеге азайтылатындығы деп білеміз. Өйткені, түрлі экономикалық құрылымға байланысты Қазақстанның әр өңірінде жалақы мөлшерінің де бір деңгейде еместігі жасырын емес. Мысалы, Аграрлық өңірлерде еңбекақы әлі де төмен. Енді міне, жалақысы төмен адамдардың айлығынан 1 пайыз ғана салық ұсталады. Бұл төмен жалақы алатындар үшін үлкен қолдау әрі көмек, мемлекеттің қамқорлығы болып саналады.

Ол міндеттердің барлығы да елдің мүддесі. Олай болса, сол елдік мүдделерімізді өз игілігіміз үшін жаратуға бар күшіміз бен мүмкіндігімізді жұмсауға тиіспіз. Әрине, бұл үшін бізге еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы керек. «Бақ та, ырыс та, береке де ынтымақты жерге барады» деген халқымыздың ежелгі бір даналығын әрдайым есімізде ұстап, Елбасының бес бастамасын орындауға құлшына кірісейік!

 

 Қ. КЕНЖЕҚҰЛОВ, Байсерке ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

0

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫ

Алдыңғы ақпарат

ЗВОНОК – ПОСЛЕДНИЙ,ПЛАНОВ – ГРОМАДЬЕ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *