Бес әлеуметтік бастама

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасының бесіншісі,  маңызды салалардың бірі – елді газбен қамтамасыз ету. Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 пайызға жуығы газбен қамтылған. 9 облысқа газ тартылған. Н.Назарбаев бұл жаңа қадамдар бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер ететінін айтты. Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудың тың мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Ұлт көшбасшысы бағдарламаны заңды тұрғыдан бекіту қажеттігін де алға тартты. Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түседі.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асатынын айтты. Ол жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге,  қазаққа керектігін жеткізді.

Осыған орай, Іле ауданында Энергетик, Боралдай, Ащыбұлақ, Қараой, КазЦИК, Комсомол, тағы басқа ауылдық округтерінде газ жүргізіліп, тұрғындарға жағдай жасалған. Ендігі кезекте Байсерке, Жетіген ауылдық округтерін газбен қамтамасыз ету қолға алынуда.

Президенттің бес бастамасын іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай дами түсуіне жол ашады. Аталған бастамаларды жүзеге асыруға қатысты Елбасы  құзырлы органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев ел мен жердің иесі ретінде Қазақстандағы жақсы мен жаманның бәріне қазақ жауапты екенін еске салды. Осы істердің ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсетуді сұрады. Сол кезде елдің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болатынына сендірді. Осы ұстанымды әркез есте тұтып, тың міндеттерді тындыруға сәттілік тіледі.

Арман ҚАМАЛБЕК, Іле ауданы әкімінің көмекшісі

0

АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК

Алдыңғы ақпарат

Турнир төресі ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛДЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *