Рухани жаңғыру

ӘЛЕМДІК ЖАҢАРУ

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жанаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Көне замандағы көрікті қалаларымыз сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынған болатын. Олар бәсекелестік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм: Ұлан-ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтарымен үлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Қазақстандықтар өзіне жат кез-келген әлеуметтік-мәдени ортаға тап болғанда, мәселен, шетелге оқуға немесе жұмыс істеуге барса, оңайлықпен сіңісіп кетеді. Біздің бәсекелік артықшылықтарымыздың бірі осы. Көшпелі өркениет ұрпақтары ретінде біз тағдырдың кез-келген өзгерістерін аяғымыздан нық тұрып қарсы ала аламыз. Дегенмен бүгінде мұның өзі аздық етеді. Біз аталған барлық факторларды ескере отырып, ұлттық жаңғырту процесін технологиялық және экономикалық аспектілерде ғана емес, идеялық кеңістікте де жүргізуіміз керек. Бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Елбасының «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» терең бағдарламалық мақаласы осы мәселені қозғайды. Реформалардың табысты болуының маңызды факторы барлық қазақстандықтардың «Рухани жаңғырудың» мақсаттары мен міндеттерін түсініп, қабылдауы болуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.
Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

Ұ. ЖҰМӘДІЛОВА,
аудандық ішкі саясат басқармасының бастығы

0

АБАТТАНДЫРУ – ОРТАҚ ІС

Алдыңғы ақпарат

МОДЕРНИЗАЦИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО СОЗНАНИЯ. ПРОСТЫМ ЯЗЫКОМ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *