ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН – ҰЛЫ АБАЙ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығы мерейтойына арналғаны баршамызға мәлім, осы орайда мектебімізде іс-шаралар ұйымдастырылып, мектеп директоры Г. Кульбаева мектепішілік Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 2 «в» сыныптың жетекшісі Зухра Тілеукенқызына жолдады. Іс-шараны сынып жетекші өте жауапкершілікпен атқарды. Атап айтсақ, ата-аналар, оқушылар мен жас мұғалімдер арасында Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқудан байқау ұйымдастырды. Байқауда Сұлтанбек Даниял әжесі Юлдыбаева Лирамен, Айбекұлы Айбат әпкесі Тұрсынбек Аяжанмен Абай өлеңдерін жатқа оқыды. Айдар Чинтаев әпкесі Есімова Самалмен ағылшын тілінде өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтты. Момучоглы Хусаин әпкесі Айшамен, Ильясова Айша анасы Ильясова Тахмина, Зайтов Музафар анасы Умаргалиева Макпал Абайдың қара сөздерінен үзінді оқыды. Кравцов Александр анасы Кравцова Ульянамен презентация жасап, қатысушыларға Ұлы Абайды дәріптеді. Аудандық бастауыш сыныптар арасында «Абай оқулары» байқауының І-орын иегері Шамшидинова Анеля «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Жас маман А. Қлиова оқушыларымен «Бала Абай» тақырыбында көрініс көрсетті. Мектеп кітапханашылары А. Елбаева мен А. Абижанова «Әлем таныған – ұлы Абай» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Әдеби-музыкалық кешке белсене қатысқан ата-аналармен, әріптестерімізге, оқушыларымызға, Зухра Тілеукенқызына алғыс білдіреміз.

 

А. КУСМАНОВА, №1 орта мектеп МКМ

0

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Алдыңғы ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *