Без рубрики

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҰЛЫ АБАЙ

Елбасы Қазақстан Республикасының түңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамдық өміріміздегі айрықша құбылыс болды. Мақаладағы ең ерекше көңіл аударатын тұс – ұлттық кодты жоғалтпау мәселесі және ұлттық рухымызды жандандыру болып табылады.

     Елбасы өз сөзінде: «Салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» – деді.

     Осы орайда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, ұлттық рухымызды дәріптеу мақсатында ақын, қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай аудандық Көктерек ауылы №21 орта мектебінде қашықтықтан оқу барысында    «Әлем таныған ұлы Абай» атты  шығармашылық онлайн режимде сабақтар ұйымдастырылды.

     Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалы биікке алып шықты.бастауыш сынып оқушылары сурет байқауын ұйымдастырып, жоғарғы сынып оқушыларымен шығармашылық сабақтар өткізіліп, видео слайдтар жасалып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Тәуелсіз Қазақстан елі әлемдік өркениет көшіне жол тартқан тарихи кезеңде хакім Абайдың асыл мұралары болашаққа жол бастап, темірқазық болып отыр. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.

К.Кегенбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Г.Әмірбек, кітапханашы

0

МИР СПАСУТ ДРУЖБА И МИЛОСЕРДИЕ

Алдыңғы ақпарат

Кейбір аймақтарда ХҚО жұмысы қайта жанданады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *