ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы №12 орта мектепте Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласының аясында «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» атты кездесу өтті. Бұл кездесуге мектебіміздің 8-сынып оқушылары, мектеп ұстаздары, Алматы облысының тіл оқыту әдістемелік орталығы, Іле аудандық филиалының оқытушысы Қарлығаш Оразайқызы мен аудандық кітапхана маманы Жанат Әбілханқызы келді.

Латын графикасына көшу процесін ұйымдастыру, қолдауды қамтамасыз ету, Қоғамдағы өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдасын тигізе алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Егеменді іліміздің алға қойған мақсаттарының бірі латын әліпбиіне көшу. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақытты өткізіп алмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні анықталды. Біздің мектебімізде бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында өз ой пікірімізді ортаға салу үшін бүгінгі кездесуіміздің қонағы тіл әдістемелік орталығының Іле аудандық филиалының оқытушысы Қарлығаш Оразайқызына сөз бердік. Қарлығаш апай оқушыларға латын әліпбиі туралы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарын апайларына қойды. Аталмыш іс-шара пікірталас, сұрақ-жауап арқылы өз мақсатына жетті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай шешімі. Шара соңында бүгінгі таңда латын графикасына көшуге қоғам дайын. Бұл уақытқа дейін латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының тәжірибелерін ескере отырып, осындай шешім қабылданып отыр. Бұл бастама қоғам тарапынан және де түрлі мәдени орталықтар тарапынан қолдау тапты. Латын әліпбиіне көшу үдерісін дәл мерзімінде жасалып жатқан шара деп айтуға әбден болады.

 

Б. ТОЙЖІГІТОВА,

№12 орта мектеп кітапхана меңгерушісі

ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ

Алдыңғы ақпарат

ДІННІҢ ШАРУАСЫНА КЕДЕРГІ ЖАСАМАУЫ ТИІС

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *