Рухани жаңғыру

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ІЗДЕНІС, ДАЯРЛЫҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Латын жазуына көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процестерінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап көрсетті. Қазіргі таңда елімізге 30 елдің қатарына қосылу мін­деті жүктеліп отыр. Осы тұрғыда жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге, дамыған отыз елдің қатарына қосылуға қосар үлесі зор болмақ.

Латын графикасын қазіргі таңда дүниежүзі халықтарының 70 пайызы пайдаланып, жазу жүйесі ретінде кең танылып отыр. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін енуіне, Қазақстандағы ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың кең таралуы мен дамуына мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері халық арасында кеңінен айтылуда.

Ауданымызда әр алуан іс-шаралар өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі, Энергетический ауылдық округінде ағымдағы жылда «Латын қарпіне көшу – болашақ таңдауы» атты кездесу кеші ұйымдастырылып, «Президент және халық» газетінің бас редакторы,  қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев, Қазақстандық ғалым, профессор Асылы Осман Әлиқызы, «Жетісу» газетінің журналисі, ақын Мақпал Мыса және мәдениет қайраткері, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Төрткен Кененқызы халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретін пікірлерімен бөліскен болатын. Партиоттық рухта тәрбиелейтін осындай іс-шаралар өткізіп отыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпаймыз.

Заман уақыт өткен сайын өркендеуде, дамуда сондықтан қарыштап дамып келе жатқан заманда латын қарпіне көшу еліміздің өркениет көшінен қалып қоймай, өзге елдермен тең дәрежеде дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселе. Біз дара, талантты ха­лық­пыз, латын қарпіне көшу еліміздің өз дамуын жалғас­тыруда зор ықпалын тигізіп, баршамызға қиынға соқ­пай­тын­дығына сенім білдіреміз.

 

А. АБИРОВА,

Энергетический ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

 

0

НОВЫЙ АСФАЛЬТОВЫЙ ЗАВОД

Алдыңғы ақпарат

КИРИЛЛИЦАДАН КӨШУ –  БАТЫЛ ҚАДАМ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *